Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

№3 Лекция- 2 сағат 
Атмосфералық ауа және оны қорғау. Атмосфераның ластануы. Топырақ және 
оны тиімді пайдалану. Эрозия. Су ресурстары және оны қорғау. 
 
Жер атмосферасы (грекше: atmos- бу, sphaira-шар) –жерді қоршап тұрған газды 
қабықша. Атмосфера деп – біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан 
аралығын яғни жерді онымен бірге айналып жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны 
айтамыз.. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің (зат және энергия 
алмасу) жүруін қамтамасыз етіп, адамзат пен тірі организмдердің тірішілігінің тікелей 
негізі болып табылады. Атмосфераның массасы 5,157×1015 т. тең. Атмосфера ауасының 
шекарасы болмайды.
Атмосфера жердің қатты қабықшасынан планета түзілгеннен кейін бөлінген 
газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің атмосферасы түрлі 
факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңістігінде бөлінуі, вулкандардың 
әрекетінен газдардың бөлінуі, күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен малекулалардың 
ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы 
химиялық реакциялар нәтижиесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюциялық 
прцестерден өтеді. Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, 
сол сияқты тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Атмосфера 
жердің беткі қабатын оның қалың қабаттарына өту кезінде көпшілігі жанып кететін 
метеориттердің зиянды әсерінен сақтап тұрады. Атмосфераның құрамының қалыптасуына 
үлкен әсер ететін тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфералық 
жағдайларға тікелей байланысты. Атмосфералық ауа өсімдіктер мен жануарлардың тыныс 
алу процесіне қатысса, ал көмірқышқылы- өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. 
Адамның тіршілік әрекеті атмосфераның құрамы мен климатына үлкен әсер етеді. 
Планетада оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкіл 
массасын 2 мың жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышқылын 300-395 жылда сіңіреді. 
Атмосфера Жер бетінен жоғарылаған сайын түрлі температурадағы бірнеше 
қабаттардан тұрады.
Жер бетіне ең жақын қабаты – 
тропосфера
 
(орта ендікте теңіз деңгейінен 10-12 км 
биіктікте орналасқан. Осы қабатта жауын-шашын бұлттар түзіліп, найзағайлар күн 
күркіреуі жүреді
.), стратосфера-
тропосфераның жоғарғы жағында 40 км дейін созылып 
жатыр. Мұнда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы 
қабатта жинақталған. Озон- күннің ультракүлгін сәулелерін жерге өткізбей сіңіріп
атмосфераны қызып кетуден сақтайды., 
мезосфера

температура одан әрі төмендеп 80 км 
биіктікте 70ºС-қа түседі, мезосфераның жоғарғы жағында белгілі шекарасы жоқ 
термосфера
орналасқан, 
экзосфера-
жерден ең алыста орналасқан 800-1600 км 
қашықтықта. Әр қабаттың өзіне тән газдық құрамы атқаратын функциялары бар. Жалпы 
алғанда атмосфера біздің тыныс алуға қажетті тіршілік ортамыз. Тіршілік – т
ропосфера 
қабатына тән. Онда барлық тірі организмдерге қажетті – оттегі, азот, озон, көмір 
қышқылы т.б. т.б. газдар бар. Атмосфераның ең маңызды қасиеті – тыныс алу, қорғаныш, 


14 
зат және энергия алмасуды жүзеге асыруы болып табылады. Атмосфералық ауа түрлі 
газдардың қоспасы.Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі, 0,93% аргон, 0,03% 
көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 1% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б. 
газдардың үлесіне тиеді.
Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол біріншіден, 
фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Жер бетінде 
оттексіз тіршілік жоқ.. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижиесінде түзіледі. 
Ал басқа организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Атмосфераны 
ластайтын заттардың негізгі көздері
 
-өнеркәсіп, 
зауыт, автокөліктер, жылу 
энергетикасы,соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т.б. Осы аталған 
ластаушы көздерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің 
қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Пайда болған 
химиялық өнімдер суға топыраққа түсіп, барлық тірі организмдер мен табиғат үшін қауіп 
төндіреді. Атмосфераның ластануы табиғи және антропогендік өзгерістерден туындайды. 
Табиғи ластану- атмосфераның табиғи құбылыстардың (жанартаулардың атқылауынан
тау жыныстарының желденуінен, өсімдіктердің жаппай гүлденуі, орман және дала 
өрттері, шаң т.б.) әсеріннен туындайды. Атмосферада үнімі белгілі мөлшерде шаң болады, 
ол табиғатта жүріп жатқан табиғи процестердің нәтижиесінде болады. Шаңның үш түрі: 
Минералдық (тау жыныстарының үгілуі, вулкандар атқылауы, орман дала трофтарының 
өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы), органикалық (ауада аэропланктондар-
бактериялар,саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктер тозаңдары және өсімдіктер 
мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері т.б.) космостық (жанған метеориттердің 
қалдықтарынан түзіледі) 
Антропогендік- адамның іс-әрекеті нәтижиесінде, түрлі ластағыш заттардың 
шығарылуы мен тасталуы. Табиғи ластануға қарағанда антропогендік ластану өте қауіпті 
әрі ластану деңгейі жоғары. Ластану деңгейіне қарай жергілікті, өлкелік, ғаламдық болып 
жіктеледі.
Атмосфераның ластануынан туындайтын зардаптар:
Смог (а
ғылшын тілінен аударғанда улы туман)- өнеркәсіпте, және т.б. қажеттіктер 
үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болатын улы қосылыс. Смогтың екі түрі болады: 
Лондондық 
смог-үлкен 
өндіріс 
орындары 
шоғырланған 
қалаларда 
қыста 
түзіледі.Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап белгілі болды.Әсіресе, 1952 
және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. Фотохимиялық смог-
тек жазда ғана түзіледі. Негізінен атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, 
күн радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижиесінде туындайды. 
Автомобильдерден шығатын газдар құрамындағы улы заттар адам ағзасына әсер етеді, ол 
қатерлі әрі кең ауқымдаәсер етеді, жөтелуден бакстап, өлім-жітіммен аяқталады. Бұл ауру 
тұманның және шаң-тозаңның-фотохимиялық құрылымның улы қоспасынан туындайды. 
Бұл автомабиль газдары қосылған ауаға күн радиациясының активтілігі күшейетін жаз 
кезінде орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет