Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
(грек.тропэ-өзгеруші
), озон, стратосфера 
(лат.стратум-қабат
), мезосфера(), ионосфера() 
және экзосфера() қабаттарынан тұрады. Әрбір қабат өзіндік атқаратын функциясы, газдық 
құрамы, биіктік деңгейі, тығыздығы, көлемімен сипатталады. Мәселен, атмосферадағы 
барлық газдар көлемін салыстырсақ; азот- 78, 08%; оттегі- 20,95%; аргон- 0,93%; 
көмірқышқыл газы- 0,03%; қалған газдар 0,01% құрайды.
Атмосфера қабатының ішінде озон қабатының ролі ерекше. Озонның массасы жер 
бетінен 10-50 км биіктікте, яғни тропосфера мен стратосфера қабаттарының арасында 
жатыр. Оның негізгі атқаратын функциясы ғарыштан жер бетіне еркін өтетін ультракүлгін 
сәулелерді сіңіріп немесе кейін шағылыстырып отырады. Ал, радиациялық сәулелердің 
шамадан тыс жерге өтіп кетуі тіршілік үшін өте қауіпті. Соңғы жылдары жер шарында 
«озонның жұқаруы» проблемасы планета тұрғындарын алаңдатуда. Оның негізгі 
себебі- антропогендік факторлар. Озонды бүлдіретін адам өз қолымен өндіретін химиялық 
зат- хлорфторкөміртегі екені дәлелденді. Оның көзі - өндірісте, автокөліктерде, 
ракеталарда қолданылатын химиялық қосылыстар. ХФК әсер ету механизмі; олар 
атмосфераның жоғары қабатына көтеріліп ультракүлгін сәулелердің әсерінен ыдырап 
кеңістікке хлор бөледі. Хлор озон молекуласын ыдыратып отырады. Нәтижесінде, 
хлордың бір молекуласы озонның он мыңдаған молекуласын жойып жібереді. Осылайша 
озон қабаты жұқара бастайды. 


10 
Ауа бассейнінің тағы бір өзекті проблемасының бірі- қышқылды жауындар. 
Қышқылды жауындар - азот пен күкірт қышқылдарының жауынның құрамындағы 
мөлшерінің көбейіп кетуінен болады. Аталған химиялық қосылыстардың көбейіп кетуінің 
негізгі көзі- көмір, мазут отындарын жаққанда, автокөліктен бөлінетін улы газдардан 
ауаға бөлінеді.
Соңғы уақыттары дүние жүзіндегі қалаларда «фотохимиялық улы тұмандар» түзілу 
процесі жиі байқалып отыр. Аталған зиянды заттардың тіршілік әлеміне өте зиянды әсері 
туралы көп айтылуда. Осыған орай, шет елдерде және біздің республикамызда 
атмосфераны 
қорғау 
мақсатында 
автокөліктердің 
моторларын 
жетілдіру, 
нейтрализаторлар орнату, газбен, электр қуатымен жүретін автокөліктер шығару және 
жанар майлардың альтернативті түрлерін шығару жолдары іздестіруде. 
Биосфераның гидросфера қабаты- жер шарының 3\2 бөлігін алып жатыр. Су 
әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері- гидросфера қабығы планетаның 
бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарады. Барлық заттар суда еріген күйінде 
болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де, 
одан әрі биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласады. Нәтижесінде, жер 
шарындағы барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер 
асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қоры екені 
адамзаттың болашаққа деген сенімін мәңгілік етуде. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы 
судың қоры өлшеулі, барлық су ресурстарының 3% құрайды. 
Соңғы жылдары дүниежүзілік мұхиттар мен барлық сулардың ластануы, оның 
сапасын нашарлата түсуде. Олар- мұхиттарда соғыс корабльдерінің көбеюі, мұнайды 
тасымалдау, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің 
тасталуы, радиоактивті қалдықтардың лақтырылуы, т.б. зиянды заттардың қоймасына 
айналуы экологиялық жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның 
үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта және 
Кіші, Орталық Азия, Австралия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар 
шеңберін ұлғайта түсуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет