Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

№1 Лекция- 2 сағат 
 
Экология ғылымына кіріспе. Экология ғылымының құрылымы және 
қалыптасу кезеңдері
 
Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология 
деген терминді 1866 ж. неміс ғалымы Э.Геккель ұсынды. Грек тілінде «оiкоs»-үй, «logos»- 
ғылым деген сөздерден тұрады. Сонда экология жер бетін бір шаруашылық немесе бір үй 
деп қарастырады. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын 
айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейді.
1950 жылдардан бастап экология бөлек ғылым саласы болып бөлінді.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) 
орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоцено-
логиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса табиғи ортаның өзгерістері, 
жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық 
факторларға байланысты организмдердің бейімделуі география-лық зерттеулерге ұласады. 
Ал антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық 
ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат 
арасындағы қарым қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған 
ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан экология 
ғылымының қазіргі таңда мазмұны күрделі екенін байқаймыз. 
Экология 
организмдердің 
арасында 
болатын 
(особьтар, 
түр-түраралық, 
популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған 
табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар, табиғаттағы өзгерістерді
құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды 
адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы. 
Экология ғылымының ең басты мақсаты биосфера шегіндегі ғаламдық 
проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, 
табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат рессурстарын тиімді 
пайдалануды адами нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. 
Экология ғылымының зерттеу нысанасы:
-биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелер (түр, популяция
биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы, 
динамикасы. 
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері: 
- организмдердің бір-бірімен қарым қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы; 
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын 
өзгерістер; 
- табиғи рессурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми теориялық 
негіздері; 
- адам, табиғат, қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу; 
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтау 
қамтамасыздандыру; 
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге 
көтеру; 
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық 
мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру; 
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет