Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы


Аутэкологиялық және синэкологиялық зерттеулер



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

Аутэкологиялық және синэкологиялық зерттеулер: 
Аутэкология- жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи 
ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді яғни аутэкологиялық зерттеулерде 
организмдердің бір дарасы және популяциясы жан-жақты зерттеледі. Популяция дегеніміз 
белгілі бір орындағы бір түрге жататын даралардың жиынтығы. Жер бетіндегі саналы 
адам (Homo sapіens) даралардың жиынтығы жәһандық (глобальды) популяцияны түзеді. 
Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің тұрғындары географиялық 
популяциялар. Емен ағашында балдырлар саңырауқұлақтар, жануарлар 200 дей түрлерінің 
даралары тіршілік етеді. 1950 жылдарға дейін аутэкологиялық зерттеулерге айрықша 
көңіл бөлінді. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары, ауылшаруашылық жануарларының 
сапалы тұқымдары шығарылды. Жабайы тұяқты аңдарды қолда өсіре бастады. Мысалы 
Шығыс Қазақстан облысындағы Котон-Қарағай ауданында маралдарды, Шығыс 
Африкада канна бұғысын интродукциялады.
Синэкология. ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап халық санының өсуі өндірістің 
техниканың қарқынды дамуына байланысты экология ғылымының синэкологиялық 
зерттеу әдістері де дами бастады.
Бұл әдісте белгілі бір орындардағы барлық тірі организмдердің түрлерінің 
жиынтығын өлі табиғатпен байланыстарын зерттейді.
Бірлестік – белгілі бір орындағы әртүрлі түрге жататын бір-бірімен қоректену 
тізбегі, кеңістік арқылы байланыста болатын организмдердің тобы.



Ал сол жердің тірі организмдері бірлестіктігін биоценоз деп атайды.
Шет елдерде (Англия, Францияда) өндіріс орнын ашу үшін натуралистерден, 
экологиялық топтардан консультация алады. Ал біздің елде облыс орталықтарында 
арнайы комитеттер бар. Өкімет құрамында табиғатты қорғау және шикізат көзін тиімді 
пайдалану министрлігі бар. Өндіріс орнын ашуға экологиялық комитеттер мен 
министрліктің келісімі қажет.
Экология басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. Олар: биогеография, генетика
молекулалық биология, цитология, гистология, анатомия, биохимия және қоғамтану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет