Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
 Жердің табиғи қорлары 
Қоғамның материалдық,мәдени т.б. мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі 
кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи 
құбылыстары –табииғи ресурстар. Оларға –атмосфералық ауа, су, топырақ, кен 
байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, жер қабатындағы 
жылу т.б. жатады. 
Табиғи ресурстар әр түрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе 
нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық 
табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, 
өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми, эсте-тикалық, 
рекреациялық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар 
сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әр 
түрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. 
Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып 
бөлінеді. Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен 
құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде 
күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар - жылжымалы ауаның энергиясы, 
су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен 
қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар — атмосфералық ауа, 
жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу. Сарқылмайтын 
ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған 
сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар 
сарқылатындарға жатады. Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына 


11 
келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы 
қазбалар - метал (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар) 
рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа 
салаларына арналған шикізаттар), жерасты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, 
гранит және т. б.), энергия сақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец, жертезек) 
жатады. Бұл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен 
геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мыс, тас көмір 
мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар 
түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез 
арада толуы мүмкін емес. Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы 
уақытта төмендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. 
Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюминий рудасының қоры 500-600 
жылға, темірдікі-150 жылға, мырыштыкі – 200-230 жылға, қорғасындікі – 20-30 жылға 
жетеді екен. Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар қорын үнемдеп пайдалану
сақтау және жаңа қорларын барлау, қайтара пайдаланатын шикізатты қолдану, металл 
сынықтарын қайта өңдеу, құнды және сирек кездесетін металдарды, істен шыққан 
аспаптарды қайта жөндеу және тағы да басқа шараларды іске асыру орынды. Қалпына 
келмейтін табиғи ресурстар жойылатын -олар қолдану нәтижесінде жойылады, мысалы, 
газ, көмір, мұнай, жертезек пен т.б. және таралатын — қолдану нөтижесінде жойылмай 
бір түрден екінші түрге айналатын ресурстар, мысалы темір және басқа металдардың 
рудалары, фосфор, күкірт және басқа да элементтердің қосылыстары. Табиғатты тиімді 
пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы 
уақытта тұщы су, оттек және т.б. қосылды, себебі, бұлардың шығындалуы табиғаттың 
өздігінен қалпына келу мүмкіндігінен асып кетуде. Сарқылатын ресурстардың кейбір 
түрлері мүлдем сарқылған жағдайларға жеткені де қазіргі кезенде орын алған. 
Салыстырмалы қалпына келетін (топырақ,жертезек, ағаш). 
Адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тас материалдары мен табиғи 
суларды алғаш рет пайдаланған кезден бастап, литосферамен, жер ресурстарымен тығыз 
байланысты. Алдымен оның геологиялық кызметі жер бетінің өзімен ғана шектелген 
болатын, кейіннен адам металды, мұнайды, көмірді, артезиан суларын өндіре бастады.
Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы және табиғи 
русурстардың сарқылу мәселелері жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл 
олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. 
Б. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы 
жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену 
керек.Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену 
периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға 
артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 
жылдан бері өндіріп келеді, бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген. 
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше 
назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып 
табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, 
қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз
байланысты. 
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба 
байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне 
сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда 
барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ — 40—50 жылға, көмір — 70—80
жылға жетеді. 


12 
Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларынаң жедел дамуына қажетті минералдық 
шикізат ресурстары жеткілікті,бірақ оларды ұтымды пайдалана отырып,қоршаған ортаның 
ластануын үнемі қатерде ұстау өте өзекті проблема.
Қазіргі уақытта жер бетіне көптеген миллиондаған тонна пайдалы қазбалар 
жеткізіледі, тұщы және минералданған сулар тартылып шығарылды, қоршаған ортаның 
жағдайын нашарлататын, оны техногенді өнімдермен ластайтын, тау-кен жұмыстарының, 
өнеркәсіптің басқа салаларының көптеген қалдықтары жинақталуда. Қалдықтар - адам 
баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны 
ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің 
қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, 
өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны 
бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. 
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген 
технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға 
қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге 
айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын 
негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған 
байланысты қалдықтар үш топқа — өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып 
бөлінеді. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының 
арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін 
шешу қажет. Қалдықсыз технологияларды дамыту мәселесі бірінші кезектегі мәселеге 
айналып отыр. 
Қалдықсыз 
өндіріс— 
өндіріс 
барысында 
табиғатқа 
зиянды 
қалдықтар 
шығарылмайтын процесс. 
Шаруашылық іс-әрекет үшін (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық индустриясын 
қоса) шартты ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған энергия 
түрінде болса да (әйтпесе термодинамика принциптері бұзылатын еді) қалдықтар болады. 
Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы аз өндіріс термині дәлірек келеді. Қалдықсыз 
технология - 
1) адам мұқтаждығы көлемінде табиғи ресурстар мен энергияны және қоршаған 
ортаны қорғау саласында білімді, әдістерді, құралдарды практикалық қолдану; 
2) шикізат пен энергияны тиімді пайдаланып өнімді шығару; бұл жағдай 
дайындалған өнімді өндіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаға шығарылатын 
ластағыш заттектер мен қалдықтар көлемін бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді; 
3) жеке өндіріс немесе өндірістер жиынтығы, олардың практикалық қызметі 
нәтижесінде қоршаған ортаға теріс әсер болмайды. Шикізатты және энергияны 
максималді пайдалануды қамтамасыз ететін және қоршаған ортаға теріс әсерді 
экологиялық зиянсыз дәрежеге жеткізетін немесе жоюға мүмкіндік беретін 
ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, технологиялық процестер және шикізат пен 
материалдарды дайындау әдістері; 4) қатты, сұйық, газ тәріздес және жылулық қалдықтар 
мен шығарындыларды ең аз беретін технология; 
5) теория жүзінде қалдықтардың барлық түріне ең аз қол жететін технология; 
6) технологиялық процестер тізбегі, онда бір өндірістің қалдықтары басқа өндіріс 
үшін шикізат болады.
Бақылау сұрақтары: 
1. Биосфераның эволюциясы туралы түсінік 
2. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі 
3. Биосфераның шекаралары 
4. Табиғи қорлар.Табиғи қорлардың (ресурстардың) жіктелу жолдары 
5. Сарқылмайтын және сарқылатын табиғи ресурстар 


13 
6.Қалдықтар және қалдықсыз өндіріс туралы түсінік
7.Қалдықсыз технологиялар ұғымы 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б.195-208.. 
2.Чигаркин А.В. Экологическое ресурсоведение.-А.: «Қазақ университеті»,2004.Б.7-20. 
3.Мамыров Н.Қ. т.б. Табиғатты пайдалану экономикасы.-А.:Экономика,2005.Б.165-173.
4. Андреева Т.А. Экология.-М.:Проспект,2006.С.140-148. 
5.Ишмұхамедова Н.Б.Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың 
әдістемесі.--.:Ғылым,2006.198-205. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет