Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал қаласы
Арал қалалық №83 мектебі
Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Әбдіхалықова Достықкүл Сәдірқызы
Биология 10 сынып (Жаратылыстану бағыты бойынша)
Сабақтың тақырыбы: ДНҚ молкуласының екі еселену ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ДНҚ молекуласының екі еселену механизмі, ол механизмнің тұқым қуалау ақпараттарын берудегі ерекшеліктерін талдай білу.
2. Дамытушылық: Тұқым қуалау ақпаратының келесі ұрпаққа берілуі туралы білімді дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға салт-дәстүрді сақтай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сипатта жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Проблемалық ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Ынтаны дамыту, әңгімелеу, тірек сызба, түсіндірмелі, салыстыру.
Оқыту технологиясы: Ақпаратты компьютерлік технология.
Пәнаралық байланыс: Информатика, математика
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, арнайы құрастырылған слайдтар, тірек – сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)
Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин.)
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару үшін ең алдымен ауызша сұрақ қою.
Нуклеин қышқылдары дегеніміз не, оның неше түрі бар?
ДНҚ – ны зерттеуші ғалымдарды еске түсірейік.
-
Ғалымдар
|
Еңбектері
|
Ф.Мишер. (Швейцариялық биохимик)
|
1868 жылы ядролан қышқылдық зат алып оны нуклеин қышқылы деп атаған.
|
Э.Чаргафф (Америкалық биохимик)
|
1951 жылы ДНҚ молекуласында 4 нуклеотид. А мен Г (2с) пуриндік негіз, Т-Ц (1с) пиримидиндік негіз А=Т, Г = Ц
|
М. Уилкинс (Ағылшын биофизигі)
|
1950 жылы ДНҚ- ның кристалдық талшықтарының рентген граммасын алды.
|
Д.Уотсон мен Ф.Крик
|
ДНҚ молекуласының құрылысын ашты.
|
ДНҚ-ның құрылымы қандай?
Нуклеотид
Азотты негіз Рибоза н/е дезоксирибоза Фосфор қышқылының қалдығы
Достарыңызбен бөлісу: |