Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
№12 Лекция- 2 сағат 
Төтенше жағдай аймақтарында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету 
 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек зақымданушының өмiрiн сақтап қала алатын, жаралану 
немесе аурудың асқынып кетуiнен және ауыртпалықтарынан сақтандыратын қарапайым 
шаралардан құралады. Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету төтенше жағдай орнында 
жасалады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге кiрiсердiң алдында жасалатын тәсiлдiгiн реттеп 
алу керек. Ең алдымен зақымданушының өмiрiн сақтап қалуға байланысты тәсiлдердi
жүзеге асыру керек. Мысалы ортан жiлiк тiк сынып, артериядан қан кеткен кезде, 
алдымен өмiрге қауiптi қанды тоқтатып алып, соңынан жарақатты стерильдi таңғышпен 
байлау керек, тек содан кейiн ғана сынған жердi қимылдатпай қолда бар жақтауларды 
салу керек. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерi жанашырлықпен орындалуы керек. 
Жарақаттану.
Терi жамылғысы, сiлемейлi қабықшалар, кейде терең жатқан 
ұлпалардың бұзылуы кезiнде пайда болатын зақымдануды жарақат деп атайды. Жарақат 
атылған оқтан, шауып алудан, шаншып алудан, соғып алудан, кесiп алудан, 
жануарлардың тiстеп алуынан пайда болады. Жарақаттың түрi де, түрiне қарай 
өзгешелiктерi де көп. Себептерiде әртүрлi болу мүмкiн. Мысалы, жер сiлкiнгенде, өрт 
шыққанда, транспорт авариясына ұшырағанда, шахта құлағанда және т.б. кездейсоқ 
апатты жағдайларда бiр мезгiлде, ондаған, жүздеген адам зақым алуы мүмкiн. 
Операциядан пайда болған жарақаттан басқа жарақаттардың барлығына инфекция 
жұғады. Осы кезде медицинада екi ұғым, асептика және антисептика алға дұыс қойылса, 
онда кез-келген жарақаттан адам тез тәуiр болады. 
Асептика дегенiмiз- бұл микробтарды профилактикалық жолмен жою, олардың 
жарақатқа түсуiнен сақтандыру. Жарақатқа жанасатын заттардың барлығы стерильдi болу 
керек деген ереженi қадағалаған жағдайда ғана асептикаға қол жетедi. Жарақатты қолмен 
ұстауға, ондағы киiм, басқа заттарды жұлып алуға және стерильденбеген таңғыш қоюға 
болмайды. 
Антисептика дегенiмiз- жарақатқа немесе ұлпаға енген инфекция қоздырғыштарына 
қарсы күрес жүргiзе отырып, бактериямен ластанған, инфекцияланған жараны емдеу. 
Инфекцияны, қоздырғыштарды өлтiретiн дәрi-дәрмектердi антисептикалық заттар деп 
аталады. Антисептикалық заттарға иод тұнбасы, хлорамин, калий перманганаты, брилиант 
көгi ж.т.б. жатады. Антисептиктер бiрнеше заттардан құралуы мүмкiн, мысалы 
Вишневский майы. 
Асептика мен антисептика әдiстерi бiр-бiрiн толықтырып, инфекция жұққан 
жарақаттармен тиiмдi күрес жүргiзуге көмектеседi. 
Бас жарақаттары
.Бас сүйегi мен мидың зақымдануы механикалық 
жарақаттардың аса ауыр түрiне жатады. Бас сүйегi мен мидың жарақаттану ашық және 
жабық болып бөлiнедi.Бас миының зақымданған заттардың сипаты бойынша ол мидың 
шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлiнедi. Мидың шайқалуынан адам есiнен 
айрылады.Соққы қатты болса, бұл белгiлер анық бiлiнедi. 1-2 минуттан 20-30 минутқа 
дейiн естен айрылу байқалып, артынша есi кiрiп жарақатқа үшыратқан оқиға есiне түседi. 
Сырқаттар бас аурғанын, айналғанын, құсқысы келу, әлсiреу туралы шағым жасайды. Бас 
жарақаттанған кезде ес сақталады, алайда оның төңiрегiнде iсiк пайда болу мүмкiн. 
Қатты соққы толқыны әсерiнен, жарылыс әсерiнен адам организмi жалпы контузияға 
ұшырауы мүмкiн. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есiнен айрылады, бас аурады, 
көру және есту қабiлетi бұзылады. Естен сақтауы әлсiрейдi немесе жоғалтады. 


53 
Ауыр дәрежелi мидың жарақаттануы сананың өте өрескел бұзылуымен мысалы ұйқы 
басу, естен танумен сипатталады.
Ең алдымен бас сүйегi мен ми жарақатының сипатын және зардап шегушiнiң жай-
күйiнiң анықтау қажет. Бұдан кейiн сананың бұзылуы, қан ағу және тыныс алудың 
дәрежесiн анықтаған жөн. 
Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде 
ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолы босаған соң жасанды тыныс алдыру шараларын 
жасайды. 
Тыныс жолдарына қанның, құсықтың тұсуi кезiнде зақымданушыны бiр қырынан 
жатқызып, тыныштықта қалдыру керек. Мұндай кезде оған 50%-2 мл. аналгин және 1 %-2 
мл. димидрол ерiтiндiсi немесе 2 % супрастин егедi. Ашық жарақат кезiнде басқа мұз 
немесе суық зат қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет