57
екі жағына тізерлей отырады. Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің
қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан
жоғарырақ ұстайды. Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның
басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне
жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде
клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.
Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс
алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның
қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.
Шефер әдісі.
Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі
қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры
соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа
жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының
басталуына дабыл.
Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа
арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын
жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады, оның басы қозғалмау үшін
иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан
тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты
кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды.
Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар
созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол
жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай
босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.
Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі. Бұл
жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау
жасайды, ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді. Ауа
шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.
Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге
үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру
клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі
болып табылады
Бақылау сұрақтары:
1. Суға кеткен адамға қандай көмек көрсетіледі?
2. Қолдан тыныс алдыру әдісі қалай жүргізіледі?
3. Сильвестр әдісі мен Шефер әдісін қолданудың тиімділігі
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Первая медицинская помощь. В.М. Буянов., М., “Медицина” 1996.
2. Санитар қыздар жасағын дайындауға арналған оқу құралы. Ред. басқарған П. А.
Курцев. Алматы “Мектеп” 1993.
3. Первая медицинская помощь в чрезвычайных ситуациях. В.В. Шаховец., А.В.
Виноградов., “Военные знания ” Москва-2000.
4. Жолмаганбетова М. А. Тіршілік қауіпсіздігі.-Алматы. 2004
Достарыңызбен бөлісу: