Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
 
№14 Лекция- 2 сағат 
Қазақстанда әлеуметтiк мәнi бар аурулар. Iндеттер туралы түсiнiк. 
Аса қауiптi жұқпалы аурулар - адам организмiне енген микробтардың, вирустардың 
және паразит жәндiктердiң тiршiлiк етiп, өсiп - өнуi әсерiнен қозатын аурулар. Жұқпалы 
аурулар- ауруға шалдыққан оранизмде осы науқас қоздырғышының болуы және аурудың 


58 
бiрiншi адамнан екiншi адамға жұғу қасиетiмен сипатталады. Жұқпалы ауруға қарсы 
жүргiзiлетiн шаралар адам баласына ертеден белгiлi болғанмен, оларды қоздыратын 
себептер ғылымда тек XIX-ғасырдың II- жартысында анықталды. Ал қазiргi кезде 
ғылымда 1300-ден артық жұқпалы аурулар белгiлi болып отыр. 
Iшектiң жұқпалы аурулары тобы сол қоздырғышпен ластанған қол, тағам және су 
арқылы жұғады. Сонымен бiрге ауа арқылы, қан соратын жәндiктер арқылы берiлетiн 
жұқпалы аурулары бар. 
Жұқпалы аурулардың өршуiне адамның жеке басының тазалығы, тұрмыс жағдайы, 
тамақтануы, мәдениетi әсерiн тигiзедi. 
Жұқпалы аурудың тұтас елдердiң үлкен аумағында жаппай таралуы 
пандемия
деп 
аталады. 
Жұқпалы аурулуарды ескертуге және зақымдау ошағын жоюға бағытталған 
режимдiк, әкiмшiлiк және санитарлық шаралар кешенiн 
карантин
деп атайды
 
Карантин кезiнде зақымдану аймағына адамдардың келуiне, көлiкпен, сол жердiң 
заттарын көшiруге, басқа аймақтарға алып өтуiне тиым салынады, яғыни зақымдау 
аймағын оқшаулайды, жүрiп-тұру шектелiп, бақлауға алынады. 
Егер келесi лабораториялық зерттеулерде аса қауiптi жұқпалы аурулар 
қоздырғыштары анықталмаса және аурудың жаппай таралуы байқалмаса, карантиндi 
обсервация режимiне ауыстырады. 
Зақымдану ошағында медициналық бақлауды күшейтудi және емдеу-сауықтыру мен 
сақтандыру шараларын өткiзудi қарастыратын шаралар кешенi 
обсервация 
деп аталады. 
 Жұқпалы аурудан сақтандыру
. Денсаулық сақтау қызметiнiң негiзгi бағыты 
сақтандыру болып табылады. Жұқпал ауруларға қатысты ескерту шараларының кешенi, 
жұқпалы аурудың көзiне, оның берiлу жолына және организмнiң қабiлетiне байланысты 
бағытталған. Жұқпалы аурудың көзiне қатысты өткiзiлетiн шаралар аурудың ертерек, 
белсендi және толық анықтау, оларды дер кезiнде оқшаулау, ауруханаға жатқызу, емдеу, 
зақымдану ошағына дезинфекциялық шараларды жүргiзу жатады. 
Дезинфекция
- адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға 
бағытталған шаралар жиынтығы. 
Жұқпалы аурудың қоздырғышының берiлуiн тоқтату үшiн халық арасында 
гигеналық дағды мен санитарлық мәдинеттi сақтауға, жұқпалы аурулармен күрес 
жүргiзуге, ауру ошағында азық-түлiк тағамдарының сатылуына, сумен жабдықтану 
жүйелерiнiң санитарлық күйiне бақлау жасауды қамтамасыз ету керек. 
Жұқпалы ауруға организiмнiң қарсы бейiмдiлiгiн артыру үшiн жасанды иммунитет 
жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсерiне организмнiң бейiмделуi 
иммунитет 
деп аталады. Иммунитет туа пайда болған және жүре пайда болған деп екiге 
бөлiнедi. 
Туа пайда болған иммунитетке адам тумысынан белгiлi бiр ауруға бой алдырмау 
жатады. 
Жүре пайда болған иммунитет белгiлi бiр ауруға егу нәтижесiнде немесе шалдыққан 
аурудан кейiн пайда болады.
Туберкулез ауруы.
 
Туберкулез-созылмалы жұқпалы ауру. Ол әртүрлi органдарда 
жайылуы мүмкiн. 
Туберкулез кезiнде 90 пайызға жуық тыныс органдары зақымдалады. Өкпе адам 
тыныс алатын ауаның үлкен көлемiмен қатар таратқыш микроорганизмдермен ұдайы 
байланысқа түседi. 
Туберкулез ауыруының жұқпалылығы туралы дәрiгерлер ертеде бiлген, олар 
туберкулезге шалдыққан адамның айналасында қандайда бiр жұқпалы микробтардың бар 
екенiн болжаған. 
Бұл аурудың жұқпалылығы туралы XIX ғасырдың ортасында айта бастады. 1882 
жылы немiс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иiлген таяқша түрiндегi микробтың 


59 
туберкулезге шалдықтыратындығын дәлелдедi. Артынша туберкулез қоздырғышы 
туберкулез таяқшасы немесе Кох бацилласы деп атала басталды. 
Туберкулезбен күрестiң қиындығы оның қоздырғышының кейбiр ерекшелiктерiне 
байланысты. Ылғалды қақырықтағы туберкулез қоздырғыштарын 75 градусқа дейiн 
қыздырғанда жарты сағат, 100 градусқа дейiн қыздырғанда 5 минутқа дейiн төзедi. Құрғақ 
қақырықтағы қоздырғыштар 100 градуста 45 минутқа дейiн төзедi, ал бөлме 
температурасында 2-10 ай аралығында тiршiлiк қабiлетi сақталады. 
Жұғу көздерi.
Ауруды таратушы негiзiнде адам болып табылады. Ауру адамның 
ыдыс-аяғын қолданғанда, ауру адаммен бiрге болғанда, ауру адамның қақырығынан, 
түкiрiгiнен жұғады. Инкубация мерзiмi 3-8 апта. 
Клиникалық белгiлерi . 
Туберкулездiң ашық түрiнiң ғана жұқпалылық қаупi бар. 
Туберкулезбен ауырғанда әртүрлi сипатта белгiлер пайда болады: 3-аптадан артық 
жөтелу, қақыру, жалпы әлсiздiк, уайымға салыну, тәбеттiң нашарлауы, арықтау, түнде 
тердiң шығуы, дене температурасының көтерiлуi, кейбiр жағдайларда тұмау, өкпенiң 
қабынуы пайда болады. 
Емдеу.
Туберкулезбен аурғандарды тек ауруханаға жатқызып емдейдi. Онда ауру 
химиотерапия арқылы емделедi. Оның мақсаты өсiп-өнген микробактерияны жаншу, 
бактерияның санын азайту. 
Негiзгi туберкулезге қарсы препараттар тубозит, фтивазит, изониазит, этамбутол
натри парааминосалицилаты және басқалар. 
Сақтану жолдары. 
Туберкулезден сақтану үшiн санитарлық-гигеналық талаптарды 
дұрыс жолға қойып, дұрыс тамақтану керек. Мемлекет тарапынан сақтандыру үшiн 
халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, елдi мекендердi 
көгалдандыруға, халықтың мәдениетiн көтеруге, дене-шынықтыру мен спортты дамытуға 
бағытталуы тиiс.
Туберкулездiң ашық түрiмен ауырған адамды тез оқшаулап, ауруханаға жатқызу 
керек, онымен қарым-қатынаста болған адамды тексеруден өткiзу керек.Туберкулез 
ошағын дезинфекция жасау керек. Оның үшiн едендi, қабырға мен жиһаздарды 0,5 пайыз 
хлораминмен немесе 0,25 пайыз хлорлы әк ерiтiндiсiмен тазарту жүргiзiледi.
Туберкулездiң ашық тұрiмен ауыратын адамдар тәулiгiне қоршаған ортаға бiрнеше 
милионға дейiн аурудың қоздырғышын шығарады. 
Қотыр. 
Қотыр- қотыр кенесiнен жұғатын терiнiң жұқпалы паразитарлы ауруы. 
Микроскоппен қарағанда ақ-қоңырқай түстi, таспа тәрiздес кене. Аталық денесiнiң 
ұзындығы 0,2-0,3 мм, енi 0,14-0.19 мм, аналықтарының ұзындығы 0,4 мм, енi 0,15 мм, 
аталықтары аналықтарын ұрықтандырғанан кейiн өледi. 
Қотыр жұқтыру аурудың отбасында, жатақханада бiреудiң қотыр жұқтыруынан, 
iшкиiм, төсек, орамал, ойыншықтар арқылы және ауру адаммен қол алысып амандасу 
арқылы жұғады. 
Қотырдың инкубациялық мерзiмi- 7-10 күн. Қотырды жұқтырудың белгiлерi түнгi 
уақытта дененiң қатты қышуы, дененiң жұқа жерлерiнде саусақ арасы, қолтық асты, шап, 
кеуде мен iштiң жоғары тұсында, шынтақ буындарында пайда болады. 
Емдеу.
Қотыр кенелерiн жою мақсатында күкiрттi мазын немесе Вилькинсон майын 
пайдаланады. Мазды 5 күн бойы пайдаланады.
Сақтандыру шаралары.
Қотыр жұқтырғандарды өз уақытында анықтау, емдеу, 
аурумен бiрге болған адамдарды тексеру. Қотырдан сақтану үшiн жеке гигена талаптарын 
жолға қою керек. Қотыр шыққан үй-жайды ағымды дезинфекция жасау керек.

Биттеу – адамның биттен зақымдануы. Биттер қан сорғыш ұсақ жәндiктер, олардың 
бүкiл өмiрi адамды қоректенумен өтедi. Биттiң 150 түрi белгiлi. Адамда киiм, бас және 
шап битi болады. Олардың даму сатысы жұмыртқа, личинка, нимфа, үлкен бит. Жұмыртқа 
салуға қолайлы температура 28-30 градус. Бүкiл даму циклы 15 күнге созылады. 


60 
Биттеуден сақтандыру.
Халықтың материалдық және мәдини, санитарлық бiлiмiн 
көтеру. Жеке бастың тазалығын сақтау, дене күтiмiн, iш киiмдердi, төсектi ауыстыру
тазалығына аса көңiл бөлу. 
Биттерден арылу.
Бас битiн құрту үшiн керосин, сабынды керосиндi эмульсия 
қолданылады. 
Киiм битiмен күрескенде дененi сабындап жуады, киiмдер мен төсектi 
дезинсекциялайды. 
Шап битiн құрту үшiн шаппен қолтықтың жүнiн қырады, зақымдалған жерге 10 
пайыз ақ сынап мазын жағады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жұқпалы аурулар дегеніміз не? 
2. Дезинфекция, пандемия, карантин, обсервацияға қалай түсінесіз? 
3. Туберкулез ауруының алдын алу жолдары 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Первая медицинская помощь. В.М. Буянов., М., “Медицина” 1996. 
2. Санитар қыздар жасағын дайындауға арналған оқу құралы. Ред. басқарған П. А. 
Курцев. Алматы “Мектеп” 1993.
3. Первая медицинская помощь в чрезвычайных ситуациях. В.В. Шаховец., А.В. 
Виноградов., “Военные знания ” Москва-2000.
4. Жолмаганбетова М. А. Тіршілік қауіпсіздігі.-Алматы. 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет