Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

Жеке қорғаныс құралдары
теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы 
заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке 
қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, 
сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді. 
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу мүшелерiн, көздi және терi жамылғысын улы 
заттардан, қатты әсер ететiн улы заттардың буынан, тамшыларынан, сондай-ақ 
радиоактивтi шаң, тозаңнан, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердiң түсуiнен 
қорғайды. Олар тыныс алу мүшелерi мен терiнi қорғау құралдары деп екiге бөлiнедi. 

Тыныс алу мүшелерiн қорғайтын құралдар
. Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта мата 
таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар жатады. 
Газқағарлар қызметiне байланысты 3 топқа бөлiнедi. 1- сүзгiлi газқағарлар, 2- 
оқшауланған газқағарлар, 3- өнеркәсiптiк газқағарлар. 


50 
Сүзгiлi газқағарлар және олардың жұмыс iстеу принциптерi. 
Ластанған ауаны 
жұтқан кезде ол қорапшаға түседi, сонда тазаланған соң үстiңгi бөлiктiң астына және 
тыныс алу мүшесiне, ауа қорапшаны айнала өтiп үстiңгi бөлiктен үрлеген кезде сыртқа 
шығады. Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтiн мен 
шаң, улағыш тұманды жұту сүзу арқылы жүргiзiледi. 
Адсорбция-
адсорбент деп аталатын қатты дененiң үстiндегi газ бен буды жұту, 
сүзгiлi газқағарларда активтенген көмiр адсорбент болады. 
Хемосорбция-
улағыш заттар, қатты әсер ететiн улы заттардың химиялық белсендi 
заттармен ықпалдасу есебiнен жұтылуы. 
Катализ-
катализатор деп аталатын заттардың ықпалы мен химиялық реакциялар 
жылдамдығының өзгерiсi. Катализатор ретiнде мыс, күмiс, хром тотығы пайдаланады. 
Түтiн мен тұманды сүзгiлеу талшықты материалдан әзiрленген мақта қағазымен 
жүргiзiледi. 
Халықты қорғау үшiн ГП-5, ГП-7 сүзгiлi газқағарлары қолданылады. ГП-5 газқағары 
адамның тыныс алу мүшелерiн, көзiн және бетiн радиоактивтiк, улағыш қатты әсер ететiн 
заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгiлi қорапшамен алдыңғы бет немесе шлем-маскадан 
тұрады. Шлемнiң қажеттi өлшемiн таңдау үшiн 63 см. дейiнгi 0-өлшем, 63,5-65,5 см. дейiн 
1-өлшем, 66-68 см. дейiн 2-өлшем, 68,5-70,5 см.дейiн 3-өлшем, 71 см. дейiн 4-өлшем 
болады. Өлшем масканың төменгi бөлiгiнде көрсетiледi. Шлем резинадан жасалынады. 
Шлем маскада жәй шыныдан жалпақ көз әйнек iстелiнген. Сүзгiш қорапша қаңылтырдан 
жасалынады да дөңгелек болып келедi. Қорапшаның астында дөңгелек саңлау орналасқан. 
Ол арқылы жұтылған ауа түседi, сақтау кезiнде резина тығыны жабылады. Металды 
қораптың тоздыруынан сақтау үшiн сырлайды, ал iшiне қара лак жағады. 
Қорапшаның iшi түтiннен қорғайтын сүзгiмен, көмiрмен және катализатормен 
жабдықталады
. Балалар газқағары. 
Балалар газқағарларының 5 түрi бар. Жасы кiшi 
балаларға арналған ДП-6М, ПДФ-2Д газқағары, жасы үлкен балаларға ДП-6, ПДФ-7, 
ПДФ-2Ш. 
ПДФ-2Д мектеп дейiнгi балалар үшiн тағайындалған.
Балалар газқағарының ересектер газқағарларынан айырмашылығы шлем масканың 
орнына тек маска орналасқан. Жиынның массасы мектепке дейiнгi балаларға арналған 
газқағарлар 750г., мектептiк 850г. дейiн болады. Балаларға газқағарларды ересектер 
кигiзедi. 
Оқшауланған газқағарлар.
Оқшауланған газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-5 жатады. 
Оқшауланған газқағарларды тыныс алу мүшелерiн, көздi, беттi ауадағы кез-келген 
қоспадан оның ерекшелiктерi мен жинақталуына қарамастан қорғау үшiн, сондай-ақ ауада 
оттегi жетпеген жағдайдағы жұмыс iстеу үшiн қолданылады. Бұл газқағарларды 
Азаматтық қорғаныстың арнайы құрамалары, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру 
жұмыстарын жүргiзетiн қызметкерлердiң негiзгi қорғаныс киiмi болып табылады. 
Оқшауланған газқағарлар алдыңғы бет немесе шлем-маска, оттегiсi бар тыныс алу 
қабынан немесе сөмкеден тұрады. 
Өнеркәсiптiк газқағарлар.
Химиялық қауiптi нысандарда қызметкерлердi қорғау 
үшiн өнеркәсiптiк газқағарлары жасалынады. Олар сүзгiлi газқағарлар сияқты тыныс алу 
мүшелерiн, көз бен беттi зақымдаудан сақтайды. Оларды қолдану аясы тар, өйткенi 
адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. 
Өнеркәсiптiк газқағарлардың сүзгiлi қорапшаларының маркасына сай өз мақсаттары 
мен бояуы бар.
Тыныс алу мүшелерiн қорғайтын қарапайым құралдар ретiнде қарапайым мақта мата 
таңғыштары мен респираторларды қолданады. Мақта-мата таңғышын 100х 50 см. 
көлемiнде дәке кесiндiсiнен жасайды, қалыңдығы 2 см мақта қабаты болу керек. Байлау 
үшiн екi жағын 30-35см етiп қияды. 
Киiлген маска иектен ауызбен мұрынды көзге дейiн жабуға тиiс. 


51 
Терiнi қорғау құралдары.
Бұл құралдар терiге радиоактивтiк, улағыш заттардың және 
бактериалогиялық құралдардың тiкелей түсуiнен, қатты әсер ететiн улы заттардың 
әсерiнен қорғайды.
Терiнi қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сiңiрiлген мақта-қағаз матасынан 
жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сiңiрiмдiлiгi негiзiнен сақталады, ал улы 
және зақымдағыш заттар мақта арқылы өткенде ұсталынады. Бiрiншi жағдайда 
бейтараптау, екiншi жағдайда жұту (сорбция) өтедi. 
Шаруашылық объектiлерiндегi, АҚ құрамалары, АҚ әскери бөлiмдерi, химиялық 
әскерлер, қарулы күштердiң өзге арнайы құрамалары көп уақыттан берi жалпы әскерлiк 
қорғау жиынын, жеңiл қорғаныс костюмiн, қорғаныс комбинезонын пайдаланып келедi. 
Сүзгiлi қорғаныс киiмiн де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралына 
қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс iстеген жеңiл, адам шаршамайды, iс-
қимылдары жинақы. 
Қорғаныс комбинезон мен костюм резина матадан даярланады. Комбинезон бiртұтас 
күрткеге тiгiлген шалбар мен капюшоннан тұрады. Комбинезон мен костюмдi шағын 
шлем, резина етiк пен қолғап жиынымен бiрге пайдаланады. Қорғаныс костюмдерi мен 
комбинезондарының өлшемi; бiрiншiсi- бойы 160 см дейiнгi адамдарға арналған, екiншiсi- 
бойы 165-172 см аралығында және үшiншiсi бойы –172 смден жоғары адамдар үшiн 
арналған. Комбинозон мен костюмнiң басқа заттар мен жиынындағы массасы 6 кг. 
шамасында. Қорғаныс костюмi мен комбинезонын радиоактивтiк, улағыш заттармен және 
бактериалдық құралдармен қатты зақымдану жағдайындағы жұмыс кезiнде адамдарды 
қорғау үшiн пайдаланады. Оларды сондай-ақ зақымдалған аумақта барлау жүргiзу үшiн де 
қолданады.
Л-1 жеңiл қорғаныс костюмi резиналы матадан әзiрленедi және капюшоны бар 
көйлек, шұлығы бар шалбардан екi саусақты қолғап пен шағын шлемнен тұрады. 
Костюмнiң массасы 3 кг. шамасында. Л-1 жеңiл костюмi әдетте радиациялық, химиялық, 
бактериологиялық барлау кезiнде пайдаланады. 
Жалпы әскерлiк қорғаныс жиыны ОП-1 қорғаныс плашынан, қорғаныс шұлығы мен 
қолғаптан тұрады. ОП-1 қорғаныс плащы резина матадан әзiрленедi. Плащтың өлшемi 
бойы 165см. адамдар үшiн 1 өлшем, бойы 165-170см адамдар үшiн –2 өлшем, 170-175см. – 
3 өлшем, 175-180см.- 4 өлшем. 180см жоғары- 5 өлшем. болады. Плащтың массасы-1,6 кг. 
шамасында. Резина матадан жасалған қорғаныс шұлықтарының табандарының резиналық 
немесе брезенттi негiзi бар, оларды кәдiмгi аяқ киiм сыртынан киедi және белдемшенiң 
немесе таспаның көмегiмен аяққа, белбауға байлайды. Шұлықтардың көлемi 1-нөмерi 37-
40 размерлi аяқ киiмдер үшiн, 2-нөмiрi 41-42 аяқ киiмдерi үшiн. үшiншi нөмiрi 43 және 
одан жоғары аяқ киiмдер үшiн аралған. Шұлық жұбының массасы 0,8-1,2 кг болады. 
Қорғаныс қолғаптарының екi түрi бар. қысқы - екi саусақты, жазғы - бес саусақты. Қысқы 
қолғаптың түймеге киiлетiн жылы астары бар. Қолғаптың массасы-350г.
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жаппай зақымдау қаруы 
2. Ұжымдық қорғаныс құралдары 
3. Жеке қорғаныс құралдары 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға 
арналған оқу құралы. Алматы қ,.2002 ж. 
2.Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам 
чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороны. г. Алматы, 2013 г. 
3. Аварийно химически опасные вещества. Методика прогнозирования и оценки 
химической обстановки. Учебное пособие. В.А.Владимиров., В.С. Исаев., Москва-2000г.


52 
4.“Тiршiлiк қауiпсiздiгi” жоғарғы оқу орындары студенттерiне арналған оқу құралы 
1-2 кiтап. Алматы қ., 2003 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет