54
Жгут салған жердiң төменгi жағы iсiп, көгерiп кетсе онда жгут дұрыс салынбағаны,
қайта салынады.
Жгут қыста 2 сағатқа дейiн, жазда 1,5 сағатқа дейiн қойылады, 2 сағаттан артық
қойылса жгут қойылған жердiң төменгi жағы жансыздана бастайды.
Венадан және капиллярдан қан кету кезiнде қысып тартатын таңғыш байлайды. Қан
ағып тұрған жарақатты стерильдi салфеткамен немесе бинтпен 3-4 қабат жауып, үстiнен
гиграскопиялық мақта салады. Таңғышты бинтпен мықтап байлайды.
Сынық, сынықтың түрлерi, алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету.
Шұғыл қимыл
кезiнде, соққыдан, биiктен құлағанда, автомобиль және басқа апаттарда, жер сiлкiнгенде
және ядролық зақымдану ошақтарында сынық пайда болады. Сынықтар ашық және жабық
болып бөлiнедi. Жабық сынық кезiнде терi бүлiнбейдi, ал
ашық сынық кезiнде сынған
жерде жарақат пайда болады. Ашық сынық өте қауiптi болып келедi(3-сурет).
Сүйек екiге бөлiнiп сынса, шорт сыну деп аталады. Сыну кезiнде бiрнеше сүйек
сынықтары пайда болса жаңқаланып сыну дейдi.
Сынықтың негiзгi белгiлерi: ауырсыну, iсiктiң пайда болуы, қанталау және сынған
жердiң қалыпты қимылдай алмауы. Ашық сынық кезiнде сүйек сынықтары көрiнiп тұруы
мүмкiн.
Аяқ-қолдың сүйектерiнде жабық сынық болса аяқ-қолды қалыпты қозғай алмайды.
Жамбас сүйегiнде жабық сынық пайда болса несеп шығару мен аяқтардың қимылы қоса
бұзылады. Бас сүйек қауашағының iшкi сүйектерi сынғанда көбiнесе құлақтан қан кетедi.
Сүйек сынған кезде алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудiң негiзi зақымданушының
тыныштығын
қамтамасыз
ету
және
иммобилизациялау
болып
табылады.
Иммобилизациялау үшiн табельдiк шина немесе қолда бар заттар: тақтай, таяқ, фанер, қол
шатыр яғни тегiс, қатты затты қолдана аламыз.
Қосалқы заттар жоқ кезде сау дене мүшелерiне байлайды.
Саусақ сүйектерi мен қол басы сүйектерi ашық сынғанда иiлiңкiреп тұру үшiн
жарақатты стерильдi таңғышпен байлаған соң алақанға
жұмарланған мақтаның дәке
оралған үзiгiн салады. Бiлекке, қол басы сүйектерiне, саусақтарға фанерден, қатырма
қағаздан жасалған немесе баспалдақ жақтау салып байлайды. Қолды үшкiл орамалға асып
қояды.
Иық буыны жараланған кезде және тоқпан жiлiк сынғанда баспалдақты жақтаумен
немесе қолда бар құралдармен иммобилизациялайды. Жақтауды мертiккен қолға шынтақ
буынынан бүгiп салатындай етiп, өзiне шақтап өлшеп алып, сау жауырынынан
зақымданған қолдың иығынан иiнiне қарай және бiлектен саусақтар түбiне дейiн жеткiзiп,
таңып байлайды.
Аяқ басындағы сүйектер сынып, толарсақ
буыны зақымданған кезде
иммобилизациялауға баспалдақты жақтау немесе қолда бар құралдарды пайдаланады.
Алдымен жақтауды табанға және балтырдың артқы жағының үстiңгi бөлiгiне жететiндей
етiп бүгiп алады. Жақтаудан өкшеге арнап шұңқыр жасайды да өкше сүйегiне батпау үшiн
оған мақта салады. Жақтауды аяққа тақап салып бекiтедi де балтыр мен аяқ басы арқылы
бинтпен сегiздiк тәрiздi етiп орнықтыра байлап, оның ұшын балтырдың үстiңгi бөлiгiне
айналдыра орап аяқтайды.
Жамбас сүйегi сынғанда зақымданушыныны тегiс, қатты жерге шалқасынан
жатқызып, аяқтарын екi жаққа ашыңқырап, тiзе буынынан сәл бүгiлiп жату үшiн
шиыршықтап бүктелген пальто немесе одеял төсейдi.
Омыртқа жотасы сынып зақымданған адамды берiк қалқанға шалқасынан жатқызып
тасымалдайды. Егер қалқан болмаса зембiлге етпетiнен жатқызып алады.
Бас сүйектерi сынған кезде зақымданушыны зембiлге
жатқызып басына арнайы
шұңқыр жасалған төсенiш төсейдi немесе мақта –дәкемен орап таңады.
55
Үстiңгi және астыңғы жақ сүйектерi зақымданған адамды сақпанша таңғышпен
орнықтырып, етпетiнен жатқызып, тiлi түсiп кетпес үшiн басын бiр қырынан бұрып
қояды, тiлi түссе, кеңiрдегi жабылып, тұншығуы мүмкiн.
Бұғана сынған кезде иiнiне екi мақта-дәкеден жасалған мұйық салып, оны арқаға
асыра таңады. Қолын үшкiл орамалға асып қояды.
Қабырғалар сынғанда тыныс шығарған қалпында көкiрек
сарайына бинттi таңғыш
салып, қатты тартып байлайды.
Зақымданушының бiрнеше сүйектерi сынған жағдайда алдымен қан кетудi тоқтатып,
жарақатқа стерильдi таңғыш басқан соң, ауыруды басатын дәрi егiп, қауiптi сынықтарды
иммобилизациялайды да соңынан қалған сынықтарға кiрiседi.
Бақылау сұрақтары:
1. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оның маңызы
2. Асептика және антисептика
3. Жарақаттарда алғашқы көмек көрсету
4. Сынықпен қан кетуде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Первая медицинская помощь. В.М. Буянов., М., “Медицина” 1996.
2. Санитар қыздар жасағын дайындауға арналған оқу құралы. Ред. басқарған П. А.
Курцев. Алматы “Мектеп” 1993.
3. Первая медицинская помощь в чрезвычайных ситуациях. В.В. Шаховец., А.В.
Виноградов., “Военные знания ” Москва-2000.
4. Жолмаганбетова М. А. Тіршілік қауіпсіздігі.-Алматы. 2004
Достарыңызбен бөлісу: