Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

 
№15 Лекция- 2 сағат 
Жануарлар мен өсiмдiктер уларымен уланған кезде көрсетiлетiн алғашқы 
медициналық көмек
 
Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері 
бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды 
саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш 
аққан және ұзақ сақталған). 
Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы 
саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. 
Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты 
басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен 
(шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі 
жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар 
сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан 
кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның 
асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты 
мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте 
ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған 
адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. 
Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары 
ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) 
байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан 
өледі. 
Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты басқа 
саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты 
сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта 
атропино тектес алколоидтар, мускарин мен аманитин кездеседі. Улану негізінен 


61 
мускариннің әсерінен болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер 
шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және 
бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ 
адам өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен 
кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай да кездесіп қалады. 
Саңырауқұлақпен улануды емдеу. 
Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец 
қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен 
немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және 
тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты 
жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты 
мүмкіндігінше тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт 
арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 
1500мл дейін). Құсық пен іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді. 
Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз 
антропин ерітіндісін енгізеді. 
Саңырауқұлақпен қатты уланған сырқаттарға алғашқы емдеу күнінен бастап 
стероидті гормоналды препараттар енгізіледі (80мл преднизолон немесе 150мл 
гидрокартизон). 
Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру. 
Бұл үшін жеуге жарамды, улы және жеуге 
болмайтын саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін, жеуге жарамды және шартты жеуге 
жарамды саңырауқұлақтарды ұқсату әдістерін, жеуге жарамды саңырауқұлақтарды 
әзірлеу мен ұқсатудың санитарлық тәртіптерін сақтау қажет.
Жыланның шағуы.
Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан 
жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең 
жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы 
оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.
Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаққан жердің 
төңірегі жылдам домбығады.Жылан уы әсерінің барлық белгілері:орташа он екі сағаттан 
кейін,кейде тәуліктен кейін анық белгіленеді.
 
 Алғашқы медициналық көмек.
Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау 
керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз 
қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін. 
Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз. Егер уды өз 
уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға 
бастайды. 
Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін 
жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған 
жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап,сыртын қатты 
таңып тастау қажет. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру 
қажет (йод, спирт).
Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның 
барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су 
жақсартады. 
Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, 
өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы 
шипалы сарысулар егіледі.
Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін 
шағатындығын әрдайым есте ұстау керек. 
Қарақұрттың шағуы.
Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды 
қарақұрттың шағуы көктем мен жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық


62 
жүйке жүйкесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына 
қатты сыздау жайлайды. 
Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы 
өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды. Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, 
қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ-қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауруы, көздің 
қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада (39 градусқа дейін) қалтырау, 
тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра 
алмайды. 
Алғашқы көмек.
Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан 
жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін 
береді. 
Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу 
мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі. 
Кененің шағуы.
Кененің кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың басында пайда 
болады. Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, 
қымталуы тиіс. Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. 
Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, 
құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет