Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама



Дата08.02.2022
өлшемі17,78 Kb.
#122277
Байланысты:
реферат


Жоспары:
1 Кіріспе.


2) Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру.
3) Құрылыс-жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама.

Монтаж және қалпына келтіру жұмыстарының техникалық даму бағытының
негізі - жұмысты өнеркәсіптендіру және механикаландыру, өндірістің
экономикалық және прогрессивтік әдістерін енгізу болып табылады.
Технологиялық жабдықтар, көтерме-тасымалдау құралдары мен
технологиялық құбыр өткізгіштерді қалпына келтіру, жөндеу және монтаждау жұмыстары жабдықты эксплуатациялау сенімділігі мен жобалық қуатты жылдамырақ меңгеруіне, сонымен қатар өндірілетін өнім сапасы мен
кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.
Тамақ өндірісіндегі машиналар мен аппараттарды эксплуатациялау
спецификасы қосымша қиындықтар тудырады және жабдықтың сенімділігіне жоғары талаптар қояды. Осы талаптарды монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын орындағанда ескеру қажет.
Ет өнеркәсіптерінде жабдықты монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын инженер-механиктер, техник-механиктер, слесарь-жөндеушілер, қалпына келтірушілер және басқа да мамандар орындайды. Әрбір жұмысшы құрылымды, жұмыс істеу принципін, монтаждаудың ережелері мен ерекшеліктерін, машиналар мен аппараттардың негізгі түрлерінің техникалық қызмет етуі мен эксплуатациясын жетік білуі тиіс.
«Технологиялық машинаны эксплуатациялау және монтаждау» пәнін оқыған
студенттер монтаждау және қалпына келтіру жұмысын жүргізудің негізгі
ережелері мен ерекшеліктерін білуі қажет; жабдықтың негізгі түрлерінің
жұмыс ақауының себептерін тауып, оны жоя білуі тиіс; бөлшектерді
эксплуатациялаудың дұрыс әдісін анықтап, жабдықты қалпына келтіру үшін
тиімді әдіс таңдауы керек; жабдықты монтаждау және қалпына келтіруді
жүргізгендігі туралы қажетті құжаттамаларды жасай білуі тиіс.
2) Монтаждау деп дайын бөлшектерден құралдар мен оның тораптарын,
машиналар, агрегаттар, технологиялық жабдықтар, құрылымдар, қондырғылардыжинау процесін айтамыз.
Жаңадан құрылған кәсіпорында монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру штаттық
график құрудан басталады. Қазіргі таңдағы жаңадан құрылып жатқан
кәсіпорындар штаттық графиктің төмендегідей типтік сұлбасынан тұрады:
- директор,
- бас механик,
- құрылысты техникалық бақылау бойынша инженер,
- хатшы.
Олардың міндеттеріне монтаждау және құрылыс жұмыстарын орындау үшін
мамандандырылған мекемелермен келісім жасасу,   міндеттемелердің
орындалуын, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмысына қатысатын барлық мекемелер арасындағы өзара байланысты бақылау.
Тамақ өндірісі жаңа кәсіпорындарының жабдықтары мен құрылысына, сонымен қатар бұрыннан бар кәсіпорындарды қайта құру, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтандыруға жұмсалатын шығындар күрделі салымдар деп аталады. Олар инструмент пен жиһаздар, жабдық алу, күрделі салымдардың жалпы сомасының 60-65% құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және басқа да күрделі салымдардың шығындарынан құралады. Технологиялық жабдықтар, құбыр өткізгіштерді монтаждау және металлды құрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіреді. Ол күрделі салымдардың жалпы сомасының 7-17% құрайды.
Қыс кезінде құрылысмонтаждау жұмыстарын жүргізу механикалық монтаждау жұмысының технологиялық процесін күрделендіреді және СНиП сәйкес шығындар тұрғызылатын объектінің орналасуының географиялық ерекшеліктеріне байланысты 30%-ке дейін өседі.
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін техникалық құжаттама келесілерден тұрады:
- жобалау-техникалық,
- монтаждау-технологиялық,
- аралас құжаттама. Жобалау-техникалық құжаттама келесі құжаттардан тұрады:
- сызба тізімі көрсетілген бет;
- жобаланған ғимараттар мен алаңдардың бас жоспарының сызбасы;
- құрылыс кәсіпорынының жобасы;
- цехтар мен бөлімшелердің қималары, жобаларынан тұратын технологиялық, тоңазытқыш және жылу техникалық бөліктердің жобасы;
- технологиялық жабдықты таңдауға негізделген және есептері бар
түсіндірме хат;
- технологиялық құбыр өткізгіш элементтері, типсіз металл құрылымдардың
құрастырма бірліктері мен жалпы түрінің сызбалары, сонымен қатар стандартты емес жабдықтар, құбыр өткізгіштің секциялары мен блоктары, элементтері мен металл құрылымдар дайындау үшін бөлшекті сызбаларын жетілдіру;
- қолданылған стандарттар, нормалар мен типтік сызбалардың құрылымдары,
құрастырма бірліктер мен бөлшектердің тізімі; технологиялық жабдықты
жасаған зауыттың техникалық құжаттамасы.
Монтаждау-технологиялық құжаттама келесілерден:
- өндірістік жұмыс жобасы;
- жинақталмаған күйде түскен жабдықты монтаждау және стандартты емес
жабдықты жасаудың технологиялық картасы.
Аралас құжаттма келесілерден:
- кәсіпорын құрылысының жалпы құнын анықтайтын смета;
- тұрғызылатын кәсіпорын кешеніне кіретін жеке объектілерге смета;
- әрбір объектіге жабдық алуға және оны монтаждау жұмысы құнының шығын мөлшерін анықтайтын смета;
- жобалық жұмыстарға смета.

Қолданылған әдебиеттер



1. Гальперин Д.М. Монтаж и наладка технологического оборудования
предприятий пищевой промышленности. Справочник. - М.: Агропромиздат, 1988.
– 320 с.
2. Гальперин Д.М. Монтаж оборудования предприятий пищевой
промышленности. - М.: Пищевая промышленность, 1978.
3. Зайцев Н.В.. Ремонт и монтаж оборудования предприятий пищевой
промышленности. - М.: Пищевая промышленность, 1972.
4. Илюхин В.В.. Монтаж и ремонт оборудования предприятий мясной
промышленности. - М. Легкая и пищевая промышленность, 1984. – 264 с.
МЕББМ «жоғары инженерлік- технологиялық колледжі»
«Технологиялық бөлім»
«Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандғы бойынша
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Монтаждаушы алаңда дайындау,өлшеу жұмыстары
Орындаған А.С.Жолдиева
Тексерген Ильясова Әсел Еламанқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет