Жөніндегі орынбасары Т. Б. Байғабылов



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі100,86 Kb.
#195442
1   2   3   4
Байланысты:
тәрбие сағаты АҚША
жиһаздар сурет, жиһаздар сурет, 9 Ә ТЖБ БЖБ 4- тоқсан
І топ «Теңге»
ІІ топ «Депозит»


Оқытушы: Жарайсыздар!Тапсырманы өте жақсы орындап шықтық! Бізде екі топ қалыптасты.Өткен кураторлық сағатта Сіздерге үй тапсырмасына ұлттық валюта, оның шығу тарихы, әлемдік ақша айналымы туралы іздену тапсырмалары берілген. Бүгін ұлттық теңгеміз туралы білетіндерімізді еске түсіріп, толықтыратын боламыз. Сайысымызды бастамас бұрын
ұлттық валюта тарихына арналған мына бір бейнебаянға назар аударсақ.

https://youtu.be/nJ2Fsd3TR9E
Оқытушы: Міне,төл теңгеміздің тарихымен тағы да бір қайталап таныстық. Ендеше, сайысымызды бастайық! Сайыс барысында тапсырмаларға орай әрбір дұрыс жауапқа Сіздерге 200 теңгеден беріліп отырады. Сайыс соңында ақшаны көп жинаған топ жеңімпаз атанады.Жеңімпаз топқа 10000 теңге СЕРТИФИКАТ тапсырылатын болады. Олай болса, І кезеңге кезек берсек.

Learning App платформасында берілген тапсырмаларды орындаймыз! Екі топ кезектесе отырып, берілген суреттегі тұлға мен купюраны сәйкестендіргенде, экраннан өшеді, егер дұрыс болмаса, қызыл жанады.

І кезең. Сәйкестендіру




Learning App платформасында берілген тапсырмаларды орындаймыз! Екі топ кезектесе отырып, берілген ақшалардың қай жылы шыққанын табады.

ІІ кезең. Жылдар сөйлейді


Сандықшалар берілген. Оларды ішінде 100 теңгелік және 200 теңгелік сұрақтар бар. Әр топ мүшелері өздері қалаған сандықшаны алып, ішіне жасырылған сұраққа дұрыс жауап берсе, тиісті ақшаны алады. Егер жауап бере алмаса, келесі топ сатып ала алады.

ІІІ кезең. Ой жүйрік «Сиқырлы сандықша»

1. Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін қашан бекітті?- 1992 жылдың 27 тамызы күні
2. 1993 жылдың 12 қараша күні қандай тарихи сәт болды? -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды
3. Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа қашан енгізілді?- 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталды.
4. Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?-теңге
5. Теңгенің алғашқы шығарылған орны қай жер? -Англиядағы «Харрисон энд санс» компаниясы
6. Ұлттық валютаның авторларыкімдер? -М. Әлин, Х. Ғабжалилов, Т. Сүлейменов
7.Ұлттық теңгенің 20жылдығына арналып шығарылған купюра?-20000 теңге
8. Алғашқы тиын ақшаларымыз қайда әзірленді?- Германияда
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қашан ашылды?- 1995 жылы 19 мамыр
10. Қазір біздің қолымызда ұлттық валютаның қай толқыны айналымда жүр?- төртінші толқыны. Самұрық сериясына 2011 жылы алғаш шыққан 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар енген. Олардың алдыңғы жағында "Қазақ елі" монументі және ұшатын көгершіндер бар.

Мақалдар берілген және оның кейбір сөздері жасырылған. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар
ІҮ кезең. Мақалдар сайысы

1. _____ тиыннан өсер (теңге).


Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние).
3. Алтын тапсаң _______ ал (санап).
4. Ақша кетуге тырысады,
________ ұстауға тырысады (есеп).
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар (дария).
6.______ оңай, жинау қиын (шашу).
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып).
8. ______ да сұрауы бар (судың).
9. Ақшада ____ жоқ (көз).
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы).
11.Жүз ____ болғанша
Жүз досың болсын (теңге).
12.Базарда бәрі бар,
__________ешкім бермейді. (ақшасыз)

Есте сақтау қабілетін байқауға арналған тапсырмада Қай елде ақша қалай аталатынын табу керек. Кез келген екі ұяшықты ашып, мемлекет аты мен валютасын табу керек.
Екеуін тапқан топқа 200теңге берңлңп отырады.
Ү кезең. «Білгенге маржан»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет