Жөніндегі орынбасары Т. Б. Байғабылов



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі231,55 Kb.
#195442
1   2   3   4
Байланысты:
тәрбие сағаты АҚША
жиһаздар сурет, жиһаздар сурет, 9 Ә ТЖБ БЖБ 4- тоқсан
ІІІ бөлім. Қорытынды
«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
І бөлім. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі.
Ортаға теңге бейнесіндегі студент шығады.
Мен «Теңгемін,теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
КӨРІНІС Саябақта серуендеп келе жатқан 2 достың әңгімесі.
2 дос саябақта келе жатып, 1-еуі кенеттен жерге еңкейіп, 100 теңге тауып алады. 2-шісі оған:
- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы былай деп жауап беріпті:
- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем.


Хор: «Менің Отаным»

Оқытушы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,қадірменді қонақтар мен студенттер! «Геология және сандық техника мамандықтары» бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ««Ел ертеңі-білікті де білімді жас маман» онкүндігі аясындағы 15 қараша - Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы» тақырыбындағы тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Қазақстанда ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуымен баршаңызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісінің бірі - ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды. Де­генмен, теңгеміз тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі.Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінде Сіздермен бас қосқанымызға Қуаныштымыз!
Оқытушы: Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен тереңірек танысып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіну, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру көздеген бүгінгі шарамыздың қадірлі қонақтарымен таныстырып өтсек.

  1. ______________________________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________________________

  4. ______________________________________________________________________________,+

Оқытушы: Көп –көп рахмет! Тәуелсіздігіміздің,елдігіміздің бір нышаны-ұлттық валютамаызға арналған сайысымызды бастау үшін екі топқа бөлінсек.Ол үшін «Мозайка» әдісі бойынша қағаз қиындыларын алып, сурет құрастырамыз. Және белгіленген топқа барып отырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет