Жоо магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша Әдістемелік нұСҚАУ



бет1/20
Дата05.02.2022
өлшемі263,82 Kb.
#17570
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ
Магистратура және докторантура департаменті
«Тұран» университетінің ОӘК мәжілісінде бекітілген
( 4 шілде 2014 жыл, № 18 хаттама)
ЖОО магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
(барлық мамандықтар бойынша)


Құрастырғандар: псих.ғ.к., доцент Ли Е.П
психология магистрі Ихсанова Д.Т.
АЛМАТЫ 2012


МЕКЕМЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ МАГИСТРАТУРАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ



  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ

МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – адамгершілік мәдениеті жоғары педагог-зерттеушінің тұлғасын, жоғарғы мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың қазіргі технологияларын жақсы меңгерген тұлғаны және оның білім саласындағы инновациялық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру болып табылады.


Педагогикалық практиканың міндеттері:

  • қазіргі педагогқа тән жаңа талаптарды меңгеру;

  • ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде ЖОО оқытушыларының сан қырлы жұмыстарымен танысу;

  • болашақ ЖОО оқытушыларының кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру (рухани-адамгершілік құндылықтар, педагогикалық ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп және т.б.);

  • педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармышылық жағдайы ретіндегі кәсіби зерттеу мәдениетін дамыту;

  • кәсіби педагогикалық ептіліктерін дамыту;

  • ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет