«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ
Магистратура және докторантура департаменті
«Тұран» университетінің ОӘК мәжілісінде бекітілген
( 4 шілде 2014 жыл, № 18 хаттама)
ЖОО магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
(барлық мамандықтар бойынша)
Құрастырғандар: псих.ғ.к., доцент Ли Е.П
психология магистрі Ихсанова Д.Т.
АЛМАТЫ 2012
МЕКЕМЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ МАГИСТРАТУРАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – адамгершілік мәдениеті жоғары педагог-зерттеушінің тұлғасын, жоғарғы мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың қазіргі технологияларын жақсы меңгерген тұлғаны және оның білім саласындағы инновациялық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық практиканың міндеттері:
қазіргі педагогқа тән жаңа талаптарды меңгеру;
ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде ЖОО оқытушыларының сан қырлы жұмыстарымен танысу;
болашақ ЖОО оқытушыларының кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру (рухани-адамгершілік құндылықтар, педагогикалық ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп және т.б.);
педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармышылық жағдайы ретіндегі кәсіби зерттеу мәдениетін дамыту;
кәсіби педагогикалық ептіліктерін дамыту;
ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |