Жоо магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша Әдістемелік нұСҚАУ



бет4/20
Дата05.02.2022
өлшемі263,82 Kb.
#17570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Магистранттарға педагогикалық практика мамандықтың оқу жоспарына сай 6 апта ішінде жоғарғы мектеп педагогикасы мен психологиясын теориялық оқығаннан кейін жүргізіледі (2 немесе 3 семестр). Магистранттың оқу жүктемесі келесі жұмыс түрлерінен тұрады: дәрісті өңдеу және жүргізу – 2 сағат; семинар сабағы – 3 сағат; зертханалық-практикалық – 3 сағат; СӨЖ, СҒЗЖ жетекшілік, факультеттің, кафедраның қоғамдық және тәрбие жұмыстарына қатысу.


Студент-магистранттарда педагогикалық практиканың әдістемелік жетекшісі факультеттің мамандандырушы кафедраның доценті немесе профессоры бола алады. Олар педагогика және психология оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Алғашқы екі апта барысында магистрант:

  • өз мамандығының пәні бойынша, сол магистрантқа бекітілген оқытушының сабақтарына қатысады;

  • курсты жүргізетін әдіскер немесе оқытушының жетекшілігімен оқылатын тақырып бойынша тақырыптың жоспары өңделеді және практиканың соңында жүргізілетін екі-үш сынақ сабақтарының тақырыптарын белгілейді;

  • пән бойынша аудиториядан тыс іс-шараларды жоспарлайды;

  • сынақ тәрбие іс-шараларының тақырыбын белгілейді (ұжыммен бірге де болады).

Педагогикалық практика барысында магистрант:

  • басқа магистрант жүргізген сабақтарға талдау жасауға қатысады;

  • өз мамандығының пәні бойынша жобаланған жоспарға сәйкес қазіргі оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу және аудитория ішілік жұмыс жүргізеді (эвристикалық және т.б.);

  • факультет кафедрасының қоғамдық және тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес аудиториядан тыс іс-шараларды ұйымдастырады және ұжымдық сынақ іс-шараларын өңдеуге қатысады;

  • индивидуалды тапсырмалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

  • дәріс, семинарларға педагогикалық-психологиялық талдау жасайды;

  • студенттік топтарға әлеуметтік-психологиялық портрет жасайды және студент тұлғасына педагогикалық-психологиялық мінездеме береді;

  • практика барысында факультетте атқарған барлық жұмыс түрлерін бейнелейтін күнделік толтырады.

Педагогикалық практиканың соңғы аптасында арнайы кафедра әдіскерлерінің, педагогика және психология оқытушыларының, деканның немесе деканның орынбасарының, практика топ жетекшілерінің қатысуымен магистранттардың жұмыс қорытындысын талқылайтын аяқтау конференциясы болады. Конференцияда магистранттар оқытушылар жұмысынан тәжірибе жинау негізінде дайындаған баяндамаларын, сонымен қатар өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет