Жоо магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша Әдістемелік нұСҚАУ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕД. ПРАКТИКА ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



бет6/20
Дата05.02.2022
өлшемі263,82 Kb.
#17570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕД. ПРАКТИКА ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ


Пед. практика барысындағы магистранттар жұмысын бақылау, оны есептеу және бағалау арнайы кафедраның әдіскер-оқытушыларымен, педагогика және психология оқытушыларымен бірге жүргізіледі. Олар болашақтағы жоғарғы мектеп оқытушысынан мыналарды анықтауы тиіс:
- ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейін;
- студенттермен педагогикалық мақсатқа сәйкес өзара қатынас орната алу және оқу-тәрбие процесінде шығармашылық серіктестікті ұйымдастыра білуін;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу ептілігін қалыптастыру;
- кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейін, оның әлеуметтік дайындығын;
- инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындығын.
Тексеру және есепке алу индивидуалды бағытпен және жүргізудің жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс. Педагогикалық практика барысында магистрант жұмысын бақылау олардың дәрістегі, семинар сабақтарындағы, зертханалық-практикалық сабақтардағы, аудиториядан тыс іс-шаралардағы және олармен әдістемелік жұмыс жасау процесіндегі іс-әрекетін ылғи бақылау жолымен жүргізіледі. Бақылау түрі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, индивидуалды және топтық кеңес берулерде практиканттарды қызықтыратын сұрақтар анықталып қана қоймай, сонымен қатар білім мен ептіліктірендегі кемшіліктер де анықталып жатады. Әдіскер-оқытушылардың жүйелік әңгімелесуі әдістемелік көмектің формасы ғана емес, магистрант жұмысын бақылаудағы тиімді тәсіл де болып табылады.
Әрбір магистрант міндетті түрде күнделік толтырады, күнделікте тапсырмаларды орындауға бағытталған, пед.практиканың бағдарламасында қарастырылған, педагогикалық-психологиялық мінездеме жасалған жұмыстың барлық түрлері бейнеленеді. Күнделікті практика жетекшілері жүйелі түрде тексеріп отырады. Күнделік материалдары пед.практика туралы есеп жасауда қолданылады. Аралық есеп қорытындымен аяқталады.
Пед.практикаға қорытынды жасаудағы ең маңыздысы магистранттың есеп құжаттарына талдау жасау болып табылады. Әр магистрант жұмысының жалпы бағасы пед.практика барысындағы оның іс-әрекетінің барлық жақтарын есепке алатын кешенді болуы тиіс. Ол педагогика және психология пәнінің оқытушыларының, факультет әкімшілігінің, кафедра жетекшілерінің пікірлерімен келісу және талқылау негізінде анықталады. Баға арнайы ведомостқа және магистранттың сынақ кітапшасына қойылады.
Магистранттың практикалық іс-әрекетінің психологиялық бөлімінің мазмұнына кіреді:
1. Практика барысында магистрант практиканың психологиялық бөлімі бойынша оның жұмысының барлық кезеңін бейнелейтін күнделік толтырады (күнделік жалпы, профильдік пәнге сәйкес толтырылады).
2. Өз сабақтарын жүргізуді жетілдіру мақсатында қатысқан сабақтарға психологиялық талдау;
3. Жүргізілген сабақ конспектілерін өңдеу барысында жас және индивидуалды ерекшеліктерді есепке алу мақсатында қатысушылардың тұлғасын зерттеу. Әдіскер-психологтар ұсынған диагностикалық әдістерді қолдану көмегімен бір студентке педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, сабақ және сабақтан тыс уақытта тікелей бақылау, оқытушылармен және ұжымның басқа да мүшелерімен әңгімелесу.
4. Тәрбие жұмыстарын жүргізудің түрі мен әдістерін анықтау мақсатында ұжымды біріккен топта зерттеу. Топтың педагогикалық-психологиялық мінездемесін жасау.
Барлық жоғарыда көрсетілген жұмыстардың орындалуын жеңілдету мақсатында қосымшада ұсынылыған сабақтардың мысал ретіндегі сызбасы көрсетілген.



Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет