Жоо магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша Әдістемелік нұСҚАУ



Дата27.12.2016
өлшемі263,82 Kb.
#6160
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ

Магистратура және докторантура департаменті

«Тұран» университетінің ОӘК мәжілісінде бекітілген

( 4 шілде 2014 жыл, № 18 хаттама)

ЖОО магистранттардың педагогикалық практика жүргізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

(барлық мамандықтар бойынша)


Құрастырғандар: псих.ғ.к., доцент Ли Е.П

психология магистрі Ихсанова Д.Т.



АЛМАТЫ 2012


МЕКЕМЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ МАГИСТРАТУРАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ


  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ

МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – адамгершілік мәдениеті жоғары педагог-зерттеушінің тұлғасын, жоғарғы мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың қазіргі технологияларын жақсы меңгерген тұлғаны және оның білім саласындағы инновациялық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық практиканың міндеттері:



  • қазіргі педагогқа тән жаңа талаптарды меңгеру;

  • ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде ЖОО оқытушыларының сан қырлы жұмыстарымен танысу;

  • болашақ ЖОО оқытушыларының кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру (рухани-адамгершілік құндылықтар, педагогикалық ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп және т.б.);

  • педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармышылық жағдайы ретіндегі кәсіби зерттеу мәдениетін дамыту;

  • кәсіби педагогикалық ептіліктерін дамыту;

  • ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру.




  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Жоғарғы мектептегі педагогикалық практиканың мазмұнына кіреді:



1. Танысу:

- магистрант практика өтіп жатқан факультеттегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен және оның міндеттерімен (деканмен, денанның орынбасарымен, каф. меңгерушісімен әңгімелесу, факультет мінездемесімен және осы жылдағы жаңа оқу жоспарымен танысу);

- факультетте және кафедрада студенттердің қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының қойылымымен;



  • факультеттегі қоғамдық және тәрбие жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастырумен.

2. Зерттеу:

- факультеттегі оқу-әдістемелік құжаттарды (жұмыстың оқу-әдістемелік жоспары, өз мамандығының пәндері бойынша бағдарламалар және т.б.);

- студенттердің жас ерекшеліктерін, оқу топтарының сипатын және олардың бірдей педагогикалық талаптарды орындауын;

- әдістемелік тәжірибені, сәйкес пәндер бойынша оқытушылардың оқу жұмысының жүйесін.

3. Өңдеу:


  • Педагогикалық практиканың барлық кезеңінде кешенді индивидуалды жұмыс жоспарын (күнтізбелік жоспар, оқылатын тақырып бойынша жұмыс бағдарламасы, студенттермен аудиториядан тыс жұмыстар, СҒЗЖ);

  • өз мамандығының пәні бойынша дәріс, семинар және зертханалық-практикалық сабақтарды конспектілеу;

  • жүргізілген сабақтар бойынша дидактикалық материалдарды және көрнекі құралдарды;

  • пән бойынша аудиториядан тыс іс-шаралардың сценариін, (іскерлік ойындар, КТК, дөңгелек үстелдер және т.б.);

  • курсты бітіртуші кафедраның жоспарына сай қоғамдық-тәжірибелік іс-шаралар сценариін.




  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Магистранттарға педагогикалық практика мамандықтың оқу жоспарына сай 6 апта ішінде жоғарғы мектеп педагогикасы мен психологиясын теориялық оқығаннан кейін жүргізіледі (2 немесе 3 семестр). Магистранттың оқу жүктемесі келесі жұмыс түрлерінен тұрады: дәрісті өңдеу және жүргізу – 2 сағат; семинар сабағы – 3 сағат; зертханалық-практикалық – 3 сағат; СӨЖ, СҒЗЖ жетекшілік, факультеттің, кафедраның қоғамдық және тәрбие жұмыстарына қатысу.

Студент-магистранттарда педагогикалық практиканың әдістемелік жетекшісі факультеттің мамандандырушы кафедраның доценті немесе профессоры бола алады. Олар педагогика және психология оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Алғашқы екі апта барысында магистрант:



  • өз мамандығының пәні бойынша, сол магистрантқа бекітілген оқытушының сабақтарына қатысады;

  • курсты жүргізетін әдіскер немесе оқытушының жетекшілігімен оқылатын тақырып бойынша тақырыптың жоспары өңделеді және практиканың соңында жүргізілетін екі-үш сынақ сабақтарының тақырыптарын белгілейді;

  • пән бойынша аудиториядан тыс іс-шараларды жоспарлайды;

  • сынақ тәрбие іс-шараларының тақырыбын белгілейді (ұжыммен бірге де болады).

Педагогикалық практика барысында магистрант:

  • басқа магистрант жүргізген сабақтарға талдау жасауға қатысады;

  • өз мамандығының пәні бойынша жобаланған жоспарға сәйкес қазіргі оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу және аудитория ішілік жұмыс жүргізеді (эвристикалық және т.б.);

  • факультет кафедрасының қоғамдық және тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес аудиториядан тыс іс-шараларды ұйымдастырады және ұжымдық сынақ іс-шараларын өңдеуге қатысады;

  • индивидуалды тапсырмалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

  • дәріс, семинарларға педагогикалық-психологиялық талдау жасайды;

  • студенттік топтарға әлеуметтік-психологиялық портрет жасайды және студент тұлғасына педагогикалық-психологиялық мінездеме береді;

  • практика барысында факультетте атқарған барлық жұмыс түрлерін бейнелейтін күнделік толтырады.

Педагогикалық практиканың соңғы аптасында арнайы кафедра әдіскерлерінің, педагогика және психология оқытушыларының, деканның немесе деканның орынбасарының, практика топ жетекшілерінің қатысуымен магистранттардың жұмыс қорытындысын талқылайтын аяқтау конференциясы болады. Конференцияда магистранттар оқытушылар жұмысынан тәжірибе жинау негізінде дайындаған баяндамаларын, сонымен қатар өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын оқиды.
4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ТУРАЛЫ ЕСЕП ҚҰЖАТЫ
Әр магистрант кафедраға жүргізілген оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі мен деңгейіне сәйкес есебін көрсетеді. Есепке мыналар кіреді:

  • магистратура және докторантура Департаментінің мөрімен расталған жазбаша мінездемесі бар педпрактиканың күнделігі, мінездемеге кафедраның пед.практика жетекшісі қол қояды;

  • магистранттың өткізген сынақ іс-шаралары бойынша сабақтың әдістемелік өңделуі және талқылау хаттамасымен бірге ( 2 дәріс, 3 семинар сабақтың технологиялық картасы);

  • талқылау хаттамасымен бірге аудиториядан тыс сынақ іс-шаралардың әдістемелік өңделуі;

  • студентке немесе студенттік топқа (психология оқытушысының ұсынған әдісі бойынша) психологиялық-педагогикалық мінездеме.


5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕД. ПРАКТИКА ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пед. практика барысындағы магистранттар жұмысын бақылау, оны есептеу және бағалау арнайы кафедраның әдіскер-оқытушыларымен, педагогика және психология оқытушыларымен бірге жүргізіледі. Олар болашақтағы жоғарғы мектеп оқытушысынан мыналарды анықтауы тиіс:

- ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейін;

- студенттермен педагогикалық мақсатқа сәйкес өзара қатынас орната алу және оқу-тәрбие процесінде шығармашылық серіктестікті ұйымдастыра білуін;

- психологиялық-педагогикалық зерттеу ептілігін қалыптастыру;



- кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейін, оның әлеуметтік дайындығын;

- инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындығын.



Тексеру және есепке алу индивидуалды бағытпен және жүргізудің жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс. Педагогикалық практика барысында магистрант жұмысын бақылау олардың дәрістегі, семинар сабақтарындағы, зертханалық-практикалық сабақтардағы, аудиториядан тыс іс-шаралардағы және олармен әдістемелік жұмыс жасау процесіндегі іс-әрекетін ылғи бақылау жолымен жүргізіледі. Бақылау түрі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, индивидуалды және топтық кеңес берулерде практиканттарды қызықтыратын сұрақтар анықталып қана қоймай, сонымен қатар білім мен ептіліктірендегі кемшіліктер де анықталып жатады. Әдіскер-оқытушылардың жүйелік әңгімелесуі әдістемелік көмектің формасы ғана емес, магистрант жұмысын бақылаудағы тиімді тәсіл де болып табылады.

Әрбір магистрант міндетті түрде күнделік толтырады, күнделікте тапсырмаларды орындауға бағытталған, пед.практиканың бағдарламасында қарастырылған, педагогикалық-психологиялық мінездеме жасалған жұмыстың барлық түрлері бейнеленеді. Күнделікті практика жетекшілері жүйелі түрде тексеріп отырады. Күнделік материалдары пед.практика туралы есеп жасауда қолданылады. Аралық есеп қорытындымен аяқталады.



Пед.практикаға қорытынды жасаудағы ең маңыздысы магистранттың есеп құжаттарына талдау жасау болып табылады. Әр магистрант жұмысының жалпы бағасы пед.практика барысындағы оның іс-әрекетінің барлық жақтарын есепке алатын кешенді болуы тиіс. Ол педагогика және психология пәнінің оқытушыларының, факультет әкімшілігінің, кафедра жетекшілерінің пікірлерімен келісу және талқылау негізінде анықталады. Баға арнайы ведомостқа және магистранттың сынақ кітапшасына қойылады.

Магистранттың практикалық іс-әрекетінің психологиялық бөлімінің мазмұнына кіреді:



1. Практика барысында магистрант практиканың психологиялық бөлімі бойынша оның жұмысының барлық кезеңін бейнелейтін күнделік толтырады (күнделік жалпы, профильдік пәнге сәйкес толтырылады).

2. Өз сабақтарын жүргізуді жетілдіру мақсатында қатысқан сабақтарға психологиялық талдау;



3. Жүргізілген сабақ конспектілерін өңдеу барысында жас және индивидуалды ерекшеліктерді есепке алу мақсатында қатысушылардың тұлғасын зерттеу. Әдіскер-психологтар ұсынған диагностикалық әдістерді қолдану көмегімен бір студентке педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, сабақ және сабақтан тыс уақытта тікелей бақылау, оқытушылармен және ұжымның басқа да мүшелерімен әңгімелесу.

4. Тәрбие жұмыстарын жүргізудің түрі мен әдістерін анықтау мақсатында ұжымды біріккен топта зерттеу. Топтың педагогикалық-психологиялық мінездемесін жасау.

Барлық жоғарыда көрсетілген жұмыстардың орындалуын жеңілдету мақсатында қосымшада ұсынылыған сабақтардың мысал ретіндегі сызбасы көрсетілген.

1-ші қосымша

ДӘРІСТІ (СЕМИНАРДЫ) ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

«____________________________________________________» тақырыбына арналған дәріс (семинар) сабағын өңдеу
Мақсаты: ____________________________________________________________

Міндеттері:

  • Білімдік:_____________________________________________

  • Дамытушы:________________________________________________

  • Тәрбиелеуші:_____________________________________________


Негізгі әдебиеттер:

1.

2.

3.

Қосымша әдебиеттер:

1.

2.

3.

Сабақ түрі: Дәріс (семинар)

Әдістер мен тәсілдер:_____________________________________________

Құралдар мен көрнекіліктер:___________________________________

Тақырыптың негізгі ұғымдары:_______________________________________

Дәріс құрылымы (семинар сабағының):

1. ұйымдастырушы сәт (__мин)

2. алғашқы сұрақ (__мин)

3.

4.

5.


Мәтін

Жүргізу технологиясы




















Тобы ___________
Тегі, аты-жөні ______________________________ Қолы ___________________
2-ші қосымша

Тәрбие іс-шараларын өңдеу

Тақырыбы:___________________________________________________________

Мақсаты:_____________________________________________________________

Міндеттері:

  • Білімдік:

  • Дамытушы:

  • Тәрбиелеуші


Күні:

Жүргізілу орны:

Жүргізу уақыты:

Әдістемелік материалдар:

Әрекет етуші тұлға:
Топқа тапсырма:
Іс-шаралар құрылымы:
ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ХАТТАМАСЫ
Негізгі мәліметтер

Күні:

Жүргізілу орны:

Жүргізу уақыты:

Әдістемелік материалдар:

Сабақ түрі:

ЖОО, тобы, студенттер саны:

Тақырыбы:

Комиссия бағасы:

3-ші қосымша
САБАҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАУ СЫЗБАСЫ
Сабақ жүргізу күні:___________________________________________

Курс (есеп бойынша), пән, оқытушы._______________________________

_____________________________________________________________________

Сабақ түрі (дәріс, семинар, СОӨЖ және т.б.):__________________________

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеті__________________________________________


  1. Сабаққа дайындық:

а) Сабаққа дайындалу (кең түрдегі немесе қысқаша конспектінің болуы, сабаққа қатысты дидактикалық материалдар);

б) Бөлме мен қатысушылардың дайындығы.



  1. Пәнге деген студенттердің белсенділігі және мотивацияның мақсатқа бағыттылығы (сабаққа деген жағымды қатынастың болуы).

  2. Сабаққа студенттердің зейінін ұйымдастыру

    • Зейін аударту тәсілдері:

- тікелей қатынас;

- ақпараттың мәнділігіне ерекше көңіл бөлу;

- дауысты көтеру (түсіру);

- көрнекі құралдарды пайдалану;

- мысалдардың айқындылығы;

- сабақ жүргізу қарқыны және т.б. (сабақ жүргізу қарқынының тұрақтылығы).



  • Оқытушылардың студент зейінін ұйымдастыруы:

- сәлемдесу;

- сабақтың басталуы;

- қатысушылардың жұмыс күйін қалыптасыру.


  • Белсенді зейінді ұстап тұру:

- сұрақ қою кезінде;

- жаңа материалды берген кезде;

- қайталау және бекіту барысында және т.б.;

- барлық сабақ аралығында.



  • Сабақ барысында студенттердің зейінін шоғырландыру:

- жоғары, орташа, төмен.

  • Зейінін бөлу:

- әрқилы іс-әрекет түрінде (ойын, сұрақ, пікірталас және т.б.).

  • Түрлі кезеңдердегі зейіннің ауысуы:

- жаңа материалдарды сұрап, түсіндіргенге дейін;

- қайталау, бекітуде өзіндік жұмыстарын орындау және т.б.;

- оқытушы зейін аударудың қандай әдістерін қолданды («логикалық доғал», дауыс ырғағын өзгерту және т.б.).


  1. Оқу материалын қабылдау

  • Студенттерді материалды қабылдауға дайында::

- мотивация;

- мақсат қою;

- эмоционалды күш;

- бағдар және т.б.



  • Оқытушылардың көрнекілік бейнелерді жасауы. Анықтық, бейнелік, тақтаға жазу.

  • Көрнекі құралдардың, оларды қолданудың ерекшеліктері.(сызбалар, графиктер және т.б., олардың сапалары).

- артық детальдардың болмауы;

-қабылдау объектісін түсіне, дауысына және т.б. қарай бөліп алу.



  • Қабылдаудың мағыналылығы:

- басқалардың жауабы бойынша қатысушылар реакциясына;

- қатысушыларда сұрақтардың пайда болуына байланысты;

- қатысушылардың айтулары мен толықтыруларына байланысты;

- оқытушының көрнекі материалдарды ауызша түсіндіруі.



  • Студенттердің бақылаушылығын қалыптастыру:

- бақылау мақсатын қою;

- бақылау кезеңдерін бөлу;

- қорытынды шығару.


  1. Студенттердің сабаққа деген ақыл-ойын дамыту

  • Сабаққа қолданылатын тәсілдер. Қатысушылардың ақыл-ойын белсендіруші тәсілдерді пайдалану:

- әңгіме, дәріс, пікір-талас,«дөңгелек үстел», «іскерлік ойындар»;

- жоспарланған, мәселелік мазмұндама;

- мәселелік оқу жағдайын туғызу және т.б.;

- компьютерді және басқа да техникалық құралдарды пайдалану.



  • Оқытушы сұрағының сипаты:

- сабақтың қарапайым жеткізілуін талап етуші;

- талдау процесіне бағыттаушы және т.б.;

- өз ойын салыстыратын, қорытатын, қарсы қоятын және жеткізе алатын;

- себеп-салдарлық байланысты ашатын.



  1. Студенттің сөйлеуі. Сөйлеудегі қателік сипаты. Студенттің сабақта сөйлеуінің дамуы.

  2. студенттердің танымдық іс-әрекетіндегі ес процесі

  • Материалды жеңіл әрі мағыналы есте қалдыру үшін оқытушының қолданатын әдістері:

- бағдар және есте қалдыру: жеңілділік, мағыналылық, анықтық және т.б.

- ақпаратты логикалық өңдеу;

- материалдағы ең негізгіні бөліп алу;

- анықтамалар мен қиын сөздерді, уақыт көрсеткіштерін және т.б. жаздырту;

- қатысушылардың теориялық білімдерін өзбетінше практикада қолдануына назар аудару (ережелер, заңдар, кесте жасау, үлгі және т.б.);

- іс-әрекет формасының әртүрлі болуы



  • Қатысушылардың есін дамытуға арналған оқытушының сұрақтары:

-игерген материалдарын тексеру;

-материалды мағыналау;

-материалды бекіту;

- қайталау.



8. Оқытушының мінез-құлқы

  • Оқытушының топпен кездесуі.

  • Сыртқы келбеті. Киімі. Шаш үлгісі..

  • Оқытушының психикалық күйі:

- эмоционалды – жағымды, қатысушыларға деген ақжарқын қатынасы (салмақты, шыдамды, қатысушылар тұлғасын сыйлау және т.б.);

- қатысушыларға эмоционалды – жағымсыз қатынас (тітіркенушілік, агрессивтілік, және т.б.).



  • Оқытушының топқа деген қатынасындағы педагогикалық әдеп және этика

- қарым-қатынасты жүзеге асыру;

- тұлғалық-бағдарлық қатынас;

- тұлғалық-бағдарланған оқыту.


  • Топпен қарым-қатынас:

- оқытушының барлық студенттерге бірдей талап қоюы және бірдей қатынас жасауы;

-жеке студенттердің жұмысқа зейінін аударту;

- қатысушылардың жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру;

- топты жұмысқа ұйымдастыра білу;

- жеке студенттердің мінез-құлқына реакциясы


  • Оқытушының сөзі:

- дауыс екпіні, қарқыны, дикциясы және т.б.

- ашықтық, эмоционалдылық;

- мимика, пантомимика.


  • Оқу жұмысын ұйымдастыру:

- іспен айналысу, және т.б.;

- қатысушылардың өзіндік жұмысын басқару;

- орындалған жұмысқа пікірін білдіру.


  • Студенттердің жастық, индивидуалды ерекшеліктерін ескеру және олардың психикалық күйі.

9. Студенттердің мінез-құлқы

  • Оқытудың жағымды мотивациясы, танымдық қызығушылық.

  • Сабақ мазмұнына назар аудару және қызығушылық, белсенділік және жұмысқа қабілеттілік.

  • Тапсырманы сапалы орындауға тырысу.

  • Студентті сабаққа ұйымдастыра алмаудың себептері

  • Қатысушылардың оқытушыға деген,, оның ескертулеріне деген қатынасы,

10. Сабақ нәтижесі

  • Сабақ мақсатына жетті ме:

- қатысушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша;

- қызығушылықтың болуына байланысты;

- зейіндерін ұйымдастыру бойынша;

- психикалық процесстердің дамуына байланысты;

- материалды игеру деңгейі бойынша;

- тұлға қалыптасуы бойынша.



  • Студенттер іс-әрекетін бағалау (жалпы, индивидуалды, эмоционалды, баллдық және т.б).

  • Студенттерге берілген тапсырма материалдарының мағынасы:

- танымдық, ғылыми;

- эстетикалық (адамгершілік, әдеби);

- практикалық (іскерлік);

- әлеуметтік (қоғамдық);

- тәрбиелеуші (педагогикалық);

- тұлғалық-мәнді



  • Оқу материалын құрудың психологиялық ерекшеліктері.

  • Сабақ бойынша жалпы қорытынды. Баға. Тілек


4-ші қосымша
СТУДЕНТКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

МІНЕЗДЕМЕ БЕРУДІҢ СЫЗБАСЫ

Студент жайлы жалпы мәлімет

Анкеталық мәліметтер

  • Аты-жөні,тегі____________________________________________________

  • Туған жылы ___________________________________________________

  • Курс, тобы _____________________________________________________


Денсаулық жағдайы туралы мәлімет

  • жиі ауырады ма (жиі, орташа, сирек)

  • созылмалы аурулар (қандай)___________________________________

  • жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігі

- тез шаршайды;

- ұзық күштен кейін;

- шаршамайды;

- себепсіз қуаныштан қайғыруға ауыса алады;

- көңіл күйдің тұрақты ауысуы;

- көңіл күйдің көрінуінде тұрақты;

- қозуға бейім;

- қозу мен тежелу тепе-тең;

- тежелуге бейім.
Үлгерімі (өте жақсы, орташа, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз). Үлгермеушілік себебінің жалпы сипаты:___________________________________

______________________________________________________________________



Университеттен тыс сабақтар (қандай, жиі ме)___________

______________________________________________________________________


Студент мінез-құлқында тұлғалық қасиеттердің көрінуі

  • студент қызығушылығының бағытталуы:

- оқу іс-әрекетіне;

- әдеби-эстетикалық;

- спорттағы жетістігі;

- адамдармен қарым-қатынасы;

- басқа іс-әрекеті.


  • Сабаққа, іске деген қатынасы (оқу ұнай ма, оны оқуға не итермелейді, түрлі оқу пәндеріне қатынасы, жетістіктері мен сәтсіздіктеріне деген қатынасы):

- қоғамдық белсенділік-пассивтілік;

- еңбек сүйгіштік-жалқаулық;

-жауапкершілік (әрқашан жақсы, берілген тапсырманы уақытылы орындайды);

- жауапкершілігі жоқ;

- инициативтілік – пассивтілік;

- ұйымдастырушылық (өз жұмысын дұрыс бөле білу) – ұйымдастыра алмаушылық;

- мұнтаздай болып жүру;

- жетістікке ұмтылу (қандай да бір істе жетістікке ұмтылады және жетеді)


Адамдарға деген қатынасы (ұжыммен, топпен өзара қатынасы, топтың студентке қатынасы):

- коллективизм (студент басқа топ студенттеріне қамқорлық көрсете ала ма, әлде керісінше);

- әділдік, шыншылдық;

- қарым-қатынасшыл (адамдармен қатынасқа түсуге бейім);

- әдептілік.
Өзіне деген қатынасы, өзіндік бағалау (жоғары бағалау немесе бағаламау):

- байсалды немесе керісінше, өз жетістігі жайлы мақтанады, жиі айтады;

- өзіне сенімді, яғни тапсырманы басқалардың көмегінсіз орындайды немесе басқалардың көмегіне жүгінеді;

-лидерлікке талпыну (барлық жағдайда бірінші болуға тырысады);

- өзіндік сын (әділ сынды қабылдайды немесе кез-келген сынды теріске шығарады).
Еріктік қасиеттері:

- өзін бақылау;

- оқытушының талаптарына сай жұмыс істей алу;

- батыл;

- жылдам шешім шығарушы;

- тұрақтылық
Топтағы студент жағдайы:

- топтағы беделі (топта немесе жеке қатысушыларға беделін пайдаланады);



- топтағы студенттерге қатынасы (симпатия, антипатия).
Психикалық процесстері мен эмоциясының ерекшелігі

  • Зейін (оқытушының түсіндіргеніне жылдам әрі тез зейінін аудара алады ма, егер оған қызықты болған жағдайда ғана зейін қойып тыңдайды ма немесе зейін аударуы қиынға соғады ма).

  • Ес (жаттау барысында материалдың құрылымы мен мағынасын түсінеді, жылдам жаттайды немесе материалды жаттау қысқа, механикалық қайталау болады, мағыналық қателер жібереді).

  • Ойау (материал төркінін жылдам түсінеді, оқытушының түсіндіргенін жақсы түсінеді, тапсырманы орташа екпінде орындайды немесе тапсырманы орындауы баяу, көп ойланады).

  • Жалпы эмоционалды күй (ылғи тірі, белсенді, оптимист немесе керісінше, шаршаңқы, қабағы салыңқы).

  • Эмоционалды тепе-теңдік (әдетте сабырлы немесе қатты эмоционалды жарылысқа бейім, кез-келген өмірлік құбылыстарды жылдам қабылдайды).



Студент тұлғасының жалпы мінездемесі, қорытынды, ұсыныстар (студенттің күшті және әлсіз жақтары, мінез қырларының көрінісі, студенттің дамытуы керек танымдық ерекшелігі, ал қайсысы керісінше дамыға кедергі келтіреді яғни, түзетуді, ары қарайғы тәрбие жұмыстарын талап етеді).
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5-ші қосымша
ТОПҚА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

МІНЕЗДЕМЕ БЕРУДІҢ СЫЗБАСЫ



  1. Топ туралы жалпы мәлімет:

  • Курсы, тобы, топ тізімі (жыныстық белгілері бойынша)

  • Орташа жасы

  • Топтың әлеуметтік құрамы

  1. Топ құрылымы. Тұлғааралық қатынас:

  • Топ нүктесін ұйымдастыратын топ белсендісі, формалды және формалды емес лидерлер.

  1. Психологиялық ахуал, эмоционалды-ерікті бірлік:

  • Топ ішілік дифференциация. Лидерлер және олардың ерекшеліктері. Оқшауланғандар, олардың ерекшеліктері (мүмкіндігінше олардың себептерін көрсетіңдер).

  • Топтағы тұлға аралық қатынас, топтық дифференцировканың болуы (микро және макротоптар, кандай критерийлер бойынша)

  • Топ достық, біріккен ұжымды көрсете алады ма, жок па (топты тұтастық ретінде бекітіп, сақтай отырып, барлық сұрақтарды шешуге тырысу).

  • Жауапкершілік. Топ мүшелерінің біріккен жұмысқа, топ алдындағы мақсаты мен міндеттеріне деген қатынасы.

  • Ашықтық. Топтың басқа топтарға деген немесе өз тобының жаңа мүшелеріне деген қатынасы.

  1. Студенттердің оқытушыларға деген қатынасы.

  2. Топтың жалпы дамуы мен үлгерімі:

  • Топтың университет-топ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы орны.

  • Жеке пәндерге деген қатынасы.

  • Сабақтағы белсенділігі мен жұмысқа қабілеттілігі.

  • Қатысушыларға индивидуалды психологиялық көмек көрсету қажеттілігі.

  1. Қорытынды және тілек.

6-ші қосымша
___________________ қаласы, _______________________________________

(ЖОО)


_______________________________________________ факультетінде практикадан өткен магистрант__________________________________

педагогикалық практикасы жөніндегі
ЕСЕБІ
Оқытушы-әдіскер _________________________________

(аты-жөні)
ЖОО (факультетте) оқу-тәрбие процесін қоюдың нақты жағдайларының бағасы

  1. ЖОО, факультеттің қысқаша мінездемесі.

  2. Студенттің практикада жүргізген тобының мінездемесі.

Сабақты жоспарлау және жүргізу

  1. Сіз жүргізген сабақтардың саны (дәрістер, семинарлар,
    лабораториялық және практикалық сабақтар) және олардың практикалық бағасы;
    сабақты жоспарлау және жүргізуде кездескен қиындықтар
    .

  2. Студенттердің шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында оқытудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолдандыңыз?

Оқытушылардың жұмыс тәжірибесін игеруі.

1. Пән бойынша аудиториядан тыс жүргізген іс-шараларыңызды атаңыз. Олардың студенттерге оқу және тәрбиелік әсері қандай? Өз пәніңізді жүргізу барысында студенттердің қызығушылығы мен мотивациясын көтере алдыңыз ба?

2. Факультетте, студенттік топта жүргізген қоғамдық және тәрбиелік іс-шараларыңызды атаңыз. Өзіңіз жүргізген сынақ тәрбие іс-шараларын сипаттаңыз.

Аудиториядан тыс жұмыстар

1. Қатысқан сабақтарыңыздың саны (басқа пәндер бойынша оқытушылардың, жетекші курстардың және өз тобыңыздағы студенттердің), олардың жалпы бағасы.

Сіз өз сабағыңызда қандай жаңалық қолдандыңыз (және қаншалықты сәтті шықты?)

Тұжырымдар мен ұсыныстар

  1. Өзіңіздің пәнге дайындығыңызды қалай бағалайсыз?

  2. Жоғарғы мектеп оқытушысы іс-әрекетінің мазмұны мен сипаты туралы не білдіңіз? Қандай тұлғалық қасиеттер мен кәсіби ептіліктерді жоғарғы мектеп оқытушысы үшін маңызды деп есептейсіз?

3. Практиканы ұйымдастыру және практиканың мазмұны жайлы сіздің ұсынысыңыз бен тілегіңіз


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет