Жалбыздың қасиеті мен пайдасы
Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек.
Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем
Жалбыз ұнтағын бал орнына сары майға аралыстырып қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады.
Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады
Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды.
Бұрышты жалбыз
- Бұрышты жалбыз немесе кермек жалбыз (лат. Mentha piperita) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын өткір хош иісі бар көпжылдық шөптесін өсімдік.
- Негізінен оны дәмдеуіш ретінде қолданады.
- Еуропа мен Азияда өседі, Солтүстік Америка табиғатына бейімделген.
- Жап-жасыл жапырақтарын шыбық тәріздес етіп тегіс кеседі және ақшыл қызыл лаванда гүлдерінің ұзақ сақталған гүлшоғырымен қоса кептіреді.
- Бұрышты мятаның майын тәтті пісірімдерге және шайнамалы резеңкелерге (сағыз), тіс пасталарына, дәрі-дәрмектерге хош иіс беру үшін қолданады.
- Майдың құрамында ұзақ жылдар бойы тыныштандыратын дәрілердің құрамына қосылып келе жатқан ментол болады.
Достарыңызбен бөлісу: |