Бұрышты жалбыздың химиялық
құрамы
Бұрышты жалбыз жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар :
- эфир майлары
- негізгі компоненті моноциклді терпен туындысы – ментол (40-70%),
- ментон (10-25%),
- пулегон,
- ментофуран және оның сірке, валериан қышқылдарымен эфирлері,
- пинен,
- лимонен сонымен қатар терпендер бар
Бұрыш жалбыз жапырағының химиялық құрамында ілеспелі заттары:
- флавоноидтар,
- каротиндер,
- тритерпен қосылыстары,
- геспередин,
- бетаин, урсол және олеанол қышқылдары да бар.
Эфир майлары
- Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы;
- тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды.
- Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады
- Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. . .
- Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады.
- Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық.
- Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |