Қазіргі кезде бүйрек ауруларын үлкен екі топқа бөліп қарайды.
Қазіргі кезде бүйрек ауруларын үлкен екі топқа бөліп қарайды.
1) Гломерулопатиялар
2) Туболопатиялар
Гломерулопатиялар деп бүйрек шумақшасында болатын өзгерістерді түсінсек.
Гломерулопатиялар деп бүйрек шумақшасында болатын өзгерістерді түсінсек.
Туболопатияларда негізгі өзгерістер бүйрек өзекшелерінде табылады. Бұлардан басқа бүйректе пиелонефрит, бүйрек тасы аурулары және нефросклероз жиі кездеседі.
Гломерулопатиялар
Негізгі түрі гломерулонефриттер болып саналады.
Гломерулонефриттер- бүйректің екі жақты, шумақтарының қабынуымен сипатталатын, клиникада бүйректің өзінің және басқа ағзалар қызметінің бұзылуымен көрінетін сырқат.
Гломерулонефриттің негізгі клиникалық белгілері, тері қабықтың немесе бүкіл дененің ісіуі, гипертония, осыған байланысты жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы және уремия жатады. Ал лабороториялық тексерулер нәтижесінде қанда белок алмасуының бұзылуы (диспротеинемия) гиперазотемия, несеп құрамында протеинурия, гематоурия, цилиндрурия анықталады.

Нефриттер инфекциялық –аллергиялық аурулар қатарына жатады. Олар кейбір инфекциямен ауырған кісілерде 1-3 аптадан соң дамиды. Нефриттің негізгі қоздырушылары қатарына
В-гемолиздеуші стрептококтар (оның 12-ші түрі) жатады. Сондықтан нефрит стрептококты баспадан соң, фарингит, қызамықта көп кездеседі.
Одан басқа нефритті жасыл түске боялушы стрептококтар, пневмококтар фридлендер таяқшалары, сальмонеллала, менингококтар, тұмау –сүзек, герпес, жел шешек, в-гепатитті вирустары туғызады.
Нефриттің 1/5 бөлігінің дамуы ревматизмді сырқаттар тобымен (жүйелі қызыл волчанка, ревматоидты артрит т.б) байланысты екенін ерекше атап өту керек. Кейбір қатерлі ісіктерде нефриттің дамуыны алуп келеді.