Жоспар: 1 Мектеп жиһаздары



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі1,5 Mb.
#186934
1   2   3
Байланысты:
ВФШ БӨЖ 2
Голубой 3D Элементы 5G Технология Презентация 20231007 124946 0000, Аударма 3

Оқу партасы

  • Сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Оған қойылатын негізгі талап – оқушының бойына және денесінің пропорциясына сәйкес келуі. Ол оқушы орын алғанда немесе тұрып кеткенде көршілеріне кедергі жасамйтындай, жауап бергенде ол үшін парталар аралық жолға шықпай-ақ, орнына емін-еркін тұра алатындай қолайлы және артық күш жұмсатпайтындай болуы тиіс. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруы, олардың сымбатының бұзылмауы, омыртқа жотасының қисаймауы, сондай-ақ оқушылардың қалыпты көруі бұзылмауы парта құрылысының дұрыс жасалуына және оның элементтерінің оқушылардың дене пропорцияларына, бойына сәйкес келуіне байланысты. Парта өзінің құрылысы жағынан берікте орнықты болуы және сыныпты жинастырғанда оңай жылжитын болуы қажет. Парталар мен орындықтарының сыртқы беті жақсы өңделген, жылу өткізгіштігі төмен, аса берік материалдардан жасалуы керек. Парталар қылқан жапырақты ағаштардан, қандыағаш, қайың, буктан, арнаулы синтетикалық материалдардан, парта бір орынды немесе екі орынды етіп жасалады жасалынады. Оны тазалау үшін қолданылатын құралдарға төзімді болу керек. Оқу жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар конструкциясын алғаш рет Э. Э. Эрисман жасаған.

Сынып тақтасы

  • Оқу бөлмелері жабдықтарының ажырамас бір бөлігі. Сынып тақтасына қойылатын гигиеанлық талаптар ең алдымен көздің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сынып тақтасының беті тегіс, жарық шағылыспайтындай күңгурт түсті (қара, қоңыр) болу тиіс. Тақтаға жазылған жазулар оқушылар оңай көрінетіндей болуы крек. Оған жазуға ыңғайлы және класс ауасы бор тозаңымен ластанбайтындай немесе бор тозаңы өте аз шығатындай болу қажет. Сынып тақтасы қабырғаға қағылатын және жылжымалы болады. Ол сыныптың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастыру қажет. Сынып тақтасының астыңғы жиегіне науасы бар кішкентай жиек жасалынады және бор мен губканы салып қоюға арналады. Сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен есептегендегі деңгейі мектеп оқушыларының бойына сәйкес болуы және тақтадағы жазуды бүкіл сыныптың көруін қамтамасыз етуі тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет