Жоспар 3 I. Тарау Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктер



бет5/5
Дата01.04.2017
өлшемі0,75 Mb.
#12903
1   2   3   4   5

Қортынды


Қазіргі таңда қоғамның мектепке қоятын талабы – ьелсенді, сапалы және терең білімді, іскер азаматтарды тәрбиелеу.

Осы кезге дейінгі мектептегі геометрия пәнін оқыту – объективті шындықтың бейнесі ретіндегі қоршаған ортаны, яғни геометриялық фигураларды танып- білу функциясын атқарып келгені белгілі. Оқушыға осы нақты шындықты адекватты түрде қабылдаушы рөлі беріледі. Өз санасында қоршаған орта бейнесіне неғұрлым толық жанғыра алған оқушы соғұрлым жан- жақты мәләмет алған, білімді деп есептеледі Білімді адам – жан- жақты білімі бар адам деп саналады.

Сонғы кездегі орын алып отырғандай, білім парадигмасынан дамыту парадигмасына өту –оқушы өзінің белгілі пәнді оқып үйрену іс-әрекеттерінің субъектісі, ал білімнің ғылыми жүйесін игеру- оқушы тұрғысынан тұлғаға бағытталған оқытудың көптеген тұжырымдамалары, технологиялары негізінде пайда болып отыр.

Геометриялық білімнің жаңа мазмұны оқушы мүдделерінің, мүмкіндікткрінің және пәнді өз бетінше оқып үйрену қабілеттерінің, белсенділіктерініңір түрлі болуына байланысты әрбір оқушы белсенгділігінің дами отырып жоспарланған денгейге жету үшін қажетті жіне жеткілікті базистік ебдейліктер жыиынтығын қалыптастыру, яғни талдау, жіктеу, жүйелеу талабын қоятындығы түсінікті.

Біз бұл жұмыста геометрия мазмұнын – оқушының қалыптасып дамуын технологиялық құралдар арқылы басқару ерекшеліктеріне сай жүйелемекпіз. Жүйелеу негізінде оқушы тұлғасының қалыптасып дамуының негізі болып табылатын оқу іс- әрекеті ебдейлігінің атқаратын сипаттау, түсіндіру әне түрлендіру фунециялары алынады. Мұндағы сипаттау дегеніміз - вербальды сипаттаудың арнайы құралдарынү яғни атау сөздерді, терминдерді, таңбаларды, сөз тіркестерін пайдалану арқылы геометрия пәніндегі денелерді атау, сызу, арнаы таңбалармен белгілеу, ұғымдарға анықтама беру, олардың маңызды белгілерін көрсету.

Түсіндіру іс -әрекетіне геометрияда қарастырылатын және оқу іс- әрекеттері барысында игерілген мазмұн компоненттері арасындағы байланыстар мен қарастырылады, қасиеттерді анықтау, реттеу, топтастыру мен сұрыптау, осылайша ұғымның нақты эмпирикалық элементтер жиынындағы мәнән ашуға мүмкіндік беретін типтік есептерді шығару жатады. Ұғымды түсіндіре алу – онығ басқа ұғымдармен байланыс заңдылықтарын, мөлшерлік сипаттамаларды, яғни берілген ұғыммен байланысты шамаларды, шамалар арасындағы байланыстарды , формаларды, ұғымды іс – тәжірибеде пайдалану мысалдары мен принциптерін білу деген сөз.

Ебдейліктің түрлендірушілік функциясы – түрлі оқу ахуалдарды оқушы үшін субъективті жаңа нәтиже алу мақсатында ғылыми заңдылықтарды, нұсқаулар мен кескіндерді пайдалануды білдіреді. Түрлендіруші ебдейлік мазмұнын - өзнін бағдарлық негіздерін құрайтын заңдылықтардан, ұсыныс - нұсқаулардан басқа сұрақтардың жауаптарымен белгісіз объектілерді табуды, объекті түрін мақсатты түрлендіруді, іс тәжірибелік нәтижелер алуды талап ететін тапсырмалар құрайды. Ебдейлік функциялардың осылайша нақтылануы негізге ала отырып, ең алдымен « кеңістік дене», көпжақ терминдерінің « кеңістіктің шектелген бөлігі», « беті жазық көп бұрыштардан тұратын дене» ұғымдары беріледі. Бет – кеңістіктің бөлігін шектеуші шекара деп түсіндіріледі.

Кеңістік дене мен көпжақ мазмұнын анықтаушы «клетка» ретінде жазықтықтан тыс жатқан нүктені жазықтықтағы үшбұрыш нүктелермен қосатын кесінділермен шектелген дене - үшбұрышты пирамида алынды. Пирамидамен әрмен қарайғы жұмыс екі бағытта жүргізіледі.

Геометрияда қарастырылатын денелер жыйынтығын көрсетілгендей етіп жүйклеу, дәстүрлі оқыту барысында ұғым енгізу кезінде айтарлықтай уақыт талап ететін дене ұғымымен бас тартылып, денелердің екі жақты бұрыштарға қатысты қасиеттері, тік бұрыш, денелердің нақты түрлері анықталынып, мазмұн кеңістіктік дене ұғымы маңына топтастырылып, моделі алынады.

Құрылған нобай ұғымы қалыптастыруға байланысты есептерді көп нұсқалы әрі көп денгейлі етіп құрастыруға мүмкіндік жасады. Мысалы:(дұрыс , бұрыс) (тік, тік бұрыш) (үш, төрт, бес….) бұрышты пирамида сыз. Мұндағы жақшалар нақты есеп нұсқасының жақша ішіндегі сөздердің тік біреуі ғана екздейсоқ таңдап алыну арқылы құрастырылатынын білдіреді. Айталық, а) дұрыс тік төртбұрышты пирамида сыз; ә) тік алтыбұрышты пирамида сыз, т.с.с. Мұндай салу есептердің шексіз көп екені түсінікті . салу есебі төмендегідей алгоритммен қамтамассыз етіледі:



    1. Жазықтықта үшбұрыш сыз.

    2. Жазықтықтан тыс нүкте ал.

    3. Нүктені үшбұрыш төбелерімен қос.

Бұл алгоритм пирамиданың көрінбейтін қырларын штрихпен сыз дейтін ескертумен қамтамасыз етіледі.

Дәл осы сияқты көп нұсқалы есеп призма, дұрыс денелер үшін де құрастырылады. Аталған жағдай, оқушыларда жекеленген нақты денелер бейнесі орнына, жалпы геометриалық денемен жұмыс жасау іс- әрекеттері бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Мұндағы бір ерекшелік – есептер жүйесін денгейлерге бөлу қыисыны.

Төменгі сынып оқушыларының геометриясы мазмұнын жаңаша жүйелеу оның оқушы тұрғысынан дамытудың иновациялық әдістерін пайдалана отырып оқытуға бағытталғандыған көрсетсе керек. Өйткені , геометрияны инновациялық әдіспен оқып -үйренген оқушы жүйелі білім алу барысында пәндік мазмұнмен бірге, осы мазмұнды игеру жолдарын да игеру арқылы өзінің белсенділік денгейін жоғарлатуға мүмкіндік алады. Ал, дамыған, белсенді оқушы – бүгінгі білім сапасындағы ең құнды нәтиже.



Қортынды


Зерттеп отырған мәселені жан- жақты талдау, жаңашыл педагогтармен, мектеп жұмыстарымен танысу қарастырылып отырған мәселені шешудің негізгі бағыттарын және зерттеу мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. геометриялық фигураға педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау, мектептерде жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды саралау барысында төмендегідей нәтижелерге көндік:

1.Зерттеу негізінде бастауыш сыныптағы математика және геометриялық жұмыстардың өзара байланыстылығының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері айқындалады.

2.Бастауыш сыныптағы математика және геометриялық жұмыстардың өзара байланыстылығының жүйесі жасалынды

3.Бастауыш сыныптағы математика және геометрия жұмыстарында арифметикалық есептерді пайдалану сабақтарының құрылымы ұсынылады.

4.Оқушылардың математикадан білім саласын арттыруға мүмкіндікберетінматематика және геометриялық жұмыстардың өзара байланысының әдістемелік жүйесі құрылды.

5. Бастауыш математикада геометриялық жұмыстардың алатын орны мен мазмұнына талдау жасап оның оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білімдерінің тереңдеуіне негіз болатындығы анықталады.

6. Қазақстан Риспубликасы орта білім мемлекеттік стандарты талаптарына сай, мектеп математика курсындағы бастауыш сыныптағы математика және геометриялық жұмыстардың өзара байланыстарының жүйесін пайдаланудың мүмкіншіліктері көрсетіледі.

7. Оқушылар да математика және геометриялық жұмыстардың өзара байланысының әдістемесі арқылы олардың математикалық білімін терең және тиянақты менгеруді қамтамасыз ету; оқушылардың ақыл- ойын жетілдіру; білімдерін тұтастай менгеру; оқу материалдарының негізгі мазмұнын есте сақтау; оқу материалдарының оқушы санасында үйлесімді бейнелеуіне тиімділігі экспериментальды дәлелдейді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет