Жоспар: Ароматты көмірсутектер (арендер)



бет9/10
Дата25.05.2020
өлшемі192,43 Kb.
#70974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары»

Қорытынды

Ароматты көмірсутектер – құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады.

Бензол және оның гомологтары – түссіз сұйықтық. Олар суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.

Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензол қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.

Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе.

Өндірісте бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.Сол сияқты ацетиленді синтездеп алады:

3С2Н2→С6Н6

ацетилен бензол

Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен ластануы ең алдымен транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының ластануының 50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты көмірсутектермен ластануы орман өрттері арқылы болады.

Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.

Су бензолмен ластанған жағдайда омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.

Жоғары дәрежеде уланғанда адамдардың артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі пайда болады. Негізінен адам ағзасына бензол тыныс алу жолдары, ауыз су, азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол сүйек майында , май ұлпаларында концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.

Ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі - бензол- С6Н6. Бензол молекуласында көміртек пен сутек атомдары бір жазықтықтың бойында орналасқан.

Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет