Жоспар: Ароматты көмірсутектер (арендер)



бет1/10
Дата25.05.2020
өлшемі192,43 Kb.
#70974
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары»
ароматты нитроқосылыстар, ароматты нитроқосылыстар

Тақырыбы:

«Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары»

Орындаған: МадинаАнуарова

Жоспар:

1.Ароматты көмірсутектер (арендер)

1.1 Көмірсутектердің галогентуындыларының изомерлері мен атаулары

1.2 Бензолдың жалпы формуласы. Гомологтық қатары

1.3 Химиялық қасиеттері

1.4 Бензол сақинасындағы бағытталу ережесі

2. Көмірсутектердің галоген туындылары.

2.1 Изомериясы. Номенклатурасы. Физикалық қасиеттері

2.2 Көмірсутектердің галоген туындыларын алу

Қорытынды



Кіріспе

Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.

Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды.Кекуле бойынша бензол молекуласы қосыаланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе.

Органикалық қосылыстардың негізі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстарды, олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті (алифаттық) және циклді (тұйық) қосылыстарға бөлінеді.

Тұйық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: карбоциклді және гетероциклді.

Карбоциклді қосылыстардың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және сонымен бірге алициклді және ароматты болып екіге бөлінеді.

Гетероциклді қосылыстардың тұйық тізбегі көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқа да атомдардан құралады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.

Органикалық қосылыстар құрамы мен құрылысына байланысты кластарға бөлінеді.

Ароматты қатардың ең қарапайым өкілдері - көмірсутектер.

Егер көмірсутектердегі сутегі атомдарын басқа атомдарға не атомдар топтарына – функциональды топтарғаауыстырса, сол қатардың басқа кластары пайда болады.

Органикалық қосылыстар кластарының химиялық өзгерістері бағытын орын басқан атомдар мен функцинальды топтар анықтайды.

Орын басқан атомдары не функциональды топтары бірдей көмірсутектер және олардың туындылары гомологтық қатар түзеді. Сонымен, гомологтық қатарға құрылысы ұқсас, сондықтан химиялық қасиеттері де ұқсас, бір-бірінен СН2 (метилен тобы – гомологтық айырмашылық) тобына айырымы бар заттар қатары жатады.

Органикалық қосылыстардың негізгі кластары:

1. Ароматты көмірсутектер (Ar – H);

2. Ароматты галогентуындылар (Ar – Hal);

3. Фенолдар және ароматты спирттер (Ar - OH);

4. Ароматты карбонильді қосылыстар – альдегидтер мен кетондар (Ar – CHO; Ar – CO - R);

5. Ароматты карбон қышқылдары (Ar - COOH);

6. Ароматты аминдер (Ar – NH2)

7. Ароматты нитроқосылыстар (Ar – NO2);

8. Ароматты сульфоқосылыстар (Ar – SO3H);

Ароматты көмірсутектерге бір немесе бірнеше бензол сақинасы бар қосылыстар жатады. Бензол сақинасының саңына байланысты бірядролы (моноциклді) және көпядролы (полициклдер) деп бөлінеді.



Зерттеу жұмысының мақсаты: ароматты көмірсутектердің галоген туындыларын алу әдістермен танысу.

Зерттеу жұмысының міндетітері:

  • ароматты көмірсутектердің галоген туындыларын алу әдістері туралы түсінік беру;

  • Ароматты көмірсутектер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сипаттама беру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет