2.Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тілектер. Жер мәселесінің қойылуы
1905 жылдың 25 шілдесінде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патша үкіметінің отарлығына қарсы петиция қабылдады.16 мыңға жуық (тағы бір деректерде 12 мыңнан аса) адамның қолы қойылған петицияға «қазақ, татар, араб тіліндегі діни кітаптарға цензураны жою», «қазақ балаларына пансион ашылсын, кәсіби мектептер мен жоғары оқу орындарына түсу үшін стипендиялар көбейтілсін», «қазақ тілінде газет шығарылсын», «қазақтардың иелігіндегі жерлер олардың меншігі деп танылсын», ««Далалық ережені» қазақ депутаттарының қатысуымен өзгертілсін», «судьялар қазақ тілін білуі шарт және де қазақ даласына присяжной сот жүйесі енгізілсін» т.с.с талаптар қойылған. Жылдар бойы үнсіз жатқан қазақтардың салмақты саяси талабы билікті өкілдерін абыржытып тастаса керек. Генерал-губернатор бұл хатты алғаннан кейін Қарқаралыға жедел хат жолдап: «Осы петицияға қол қойғандардың арасынан, ең болмаса, бірнеше адамды тауып, аты-жөнін хабарлаңыз», - деп нұсқау береді.
Тарихшылардың пікіріне сүйенсек, петиция мазмұны сайып келгенде, болашақ саяси партияның бағдарламалық негіздері болып табылады. Сол себепті, Алаш партиясының идеялық бастау көзін бірінші орыс революциясы кезінен іздеген жөн.
Орал қаласында қазақ зиялыларының 1905 жылы Петербургтегі министрлерге дін және жер мәселесі жөнінде жазған хаттары Дін үшін. Жер үшін деген атпен жинақ болып жарық көрді Жинақтаған бірінші хатта қазақтың діни таным-түсінігінің тарихы тереңде, діни жоралғылардың орындалуының ерекшеліктерінің үлгісі бар екендігі және жасалған қысымның себебінен бағынбаушылық орын алып жатқандығы, проблемалардың бейбіт түрде шешілуін, сауаттылықтың арттырылуын қалап, өз басына діни басқарма болуы керектігі айтылады. Бұл – сол кезеңдегі саяси ахуалды жан-жақты талдап, мәселені оң шешуге тырысқан ұмтылыс. Дінді сақтау арқылы жерді сақтауға, жерді сақтау арқылы отаршылдыққа тойтарыс беруге талпыныс екендігі анық байқалады. Бұл хатты ғалымдар бұрын да көріп, түрлі еңбектерінде қолданған. Бірақ араб әліпбиінде жазылған хат толық аударылып, арнайы жинақ ретінде шығарылған жоқ еді.
Достарыңызбен бөлісу: |