Жоспар: Қазақстандағы ХҮііі-хіх ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы


Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы



бет3/4
Дата20.12.2021
өлшемі30,52 Kb.
#104307
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ТӘЖ тарих Джумамурадов Аманбек Аиу 20 12

3. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы. 

Тұтас алғанда, Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.

Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.

Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.Бұл еңбектерде нақтылы деректер арқылы 1916 жылғы көтеріліс Ресейдің үстемдігіне қарсы болған бұқаралық көтеріліс деп бағаланып, оның негізгі шығу себебі елдің отарлық қанауға ұшырауына байланысты деп атап көрсетіледі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің алуы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көптеген даулы мәселелері мен «ақтандақтар беттерін» тарих шындығы тұрғысынан зерттеп баяндауға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты қазақ ауылының көтеріліс алдындағы ерекшеліктері, Қазақ инттеллигенцыясының көтеріліске деген көзқарасы, патша жарлығы жарияланғаннан кейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігу дәрежесі, көтерілісші сарбаздар мен олардың отбасыларының Қазақстаннан тыс жерлерге кетіп қалу жағдайлары және оның себептері, майданның қара жұмысына алынған жігіттердің тағдыры т.б. көптеген мәселелер қазақ халқының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан жазыла бастады.

1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде патша жарлығы жартылай ғана жүзеге асты, империялық саясаттың негізіне елеулі соққы берілді. Қазақтың ұлт-азаттық қазғалысы 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік құрылыстың жаңа заманға сәйкес түрін келесі 1917 жылға мақсат етіп қойды, сөтіп 1916 жылғы көтеріліс ұлт-азаттық күрестің жолайырық кезеңіне айналды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет