Жоспар Деректер базасын басқару жүйесі Деректер моделінің негізгі типтері



бет2/4
Дата16.10.2022
өлшемі47,18 Kb.
#153329
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-49880
АПАЙҒА, икт практика 4-5 Сыдыкжан Даулет, икт практика 4-5 Сыдыкжан Даулет, икт практика 4-5 Сыдыкжан Даулет, 1cf6734222683f81415554c27b603ea5, Кешірім Дүкенбай Досжан, Адасқан ару Мира Шүйіншәлиева, ДМ 1, НЕЙРОЖАТТЫҒУ, SIW 1, , Алихан Сая эссе, 7-8 практикалық сабақ (1), 2. Кестеде цирк к?рсетіліміне кіретін билеттер ??ны ж?не же?ілді
2. Деректер базасын басқару жүйесі
Деректер базасын басқару жүйесі- компютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге мүмкіндік беретін программадан басқа көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программа. Деректер базасын басқару жүйесінде бір базадағы деректер өзара қисынды байланыста болуы керек. Бұл деректерді белгілі параметрлері, қасиеттері, яғни бір-біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді.
Таратылған архитектура – деректер базасы бірнеше серверлерде сақталады және олардың әрбіреуінде ДББЖ көшірмелері болады. Сонымен деректер базасы және клиенттік қосымшаларға ұқсас архитектурада қосымшалар серверлері және компоненттер қолданылады. Қосымшалар серверлері пайдаланушылар сұраныстарын өңдеуге және желідегі компьютерлер арасындағы жүктемені біркелкі бөлуге рұқсат етеді. Компоненттер – бұл бөлінген серверде күрделі есептеулерді орындау үшін қолданылатын программалар.
3. Деректер моделінің негізгі типтері
70-80 жылдардың соңында деректер базасын басқару жүйесінің дамуы негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір модельдің өзінің ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:

  • Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір категорияға қатысты болады.

  • Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен байланысты емес.

Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.
Жалпы айтқанда, деректер моделі - деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық, желілік және реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік, реляциялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет