Жоспар Гемостаз дегеніміз не?


Жүктілік кезінде қою қан немен қауіпті?



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі8,02 Mb.
#157043
1   2   3   4
Байланысты:
GEMOSTAZ Sokhib

Жүктілік кезінде қою қан немен қауіпті?
Жүктілік кезінде дерлік бүкіл әйелдерде қаннның қоюлануы ай өткен сайын жоғарылайды. Осылай табиғат әйелді босану кезінде көп қан жоғалтудан сақтайды. Алайда кейде қанның қоюлануы нормадан артып кетеді. Нәтижесінже жатыр қантамырларының тромбмен бітелуінен балаға қоректі заттар дұрыс жеткізілмей , бала қанайналымы нашарлап өттегі жетіспей бала жатырда өспей қалады немесе түсік тастайды.
Гипокоагуляция
Қанның ұюының кідіруі немесе баяулауы. Гемокоагулянтты жүйе қызметінің бұзылуы нәтижесінде дамиды.
Себептері :
  • Вазопатия
  • Тромбоцитопатия
  • Коагулопатия

Қан ұю уақыты 35 секундтан асса гипокоагуляция болып есептеледі. Бұл кезде қан кетуді тоқтату қиын болады.
ДВС синдром (синдром диссеминированного внутрисосудистого свертывания ) немесе ҚШҰ (тамыр ішілік қанның шашыранды ұюы)
Ол өз алдына жеке дамитын ауру емес, гемостаз бұзылуының нәтижесінде дамиды.
Себептері:
  • Генерализденген инфекция ауруларында , сепсисте;
  • Шоктың барлық түрлерінде ;
  • Көптеген қан кету, гемотрансфузия;
  • Қатерлі ісіктер;
  • Қан тамырларының травмалық зақымдануы;
  • Аллергиялық жағдайда;
  • Қанның тромбогендік қасиетін жоғарылататын дәрілерін қабылдау;

ДВС синдромының стадиялары
  • Гиперкоагуляция : қанның ұйығыштығының жоғарылауы, нәтижесінде көптеген қан тамырларының арналарында микротромбтардың пайда болып қан арнасын блоктайды. Қан тамырлары зақымданған органдарда ишемия дамиды.
  • Гипокоагуляция немесе қолданулы коагулопатия: бұл этапта микротромбтардың түзілуіне кеткен тромбоциттердің, фибриногеннің, протромбиннің көп мөлшерде жұмсалып қоюынан қанда олардың концентрациясы төмендеп кетеді. Нәтижесінде қан ұйытатын компоненттер дефицитінен геморрагиялық синдром дамиды.

3) Фибринолиздің активациясы : 1-ші этаптағы қанның жоғары ұйығыштығына жауап ретінде фибринолитикалық жүйенің активациясы жүзеге асады. Ол микротромбтарды лизиске ұшыратып қан арнасының өтімділігін қалпына келтіреді. Алайда циркуляциядағы қан ұю факторы мен фибриноген де зақымданады. Нәтижесінде геморрагиялық процесс күшейеді: мұрыннан, жатырдан, асқорыту жолдарынан профузды қан кету басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет