Алла елшісі Мұхамедтің ислам тағлымдарын таратын, ақыретке сенуге шақырғаннан бері 1400-ге жуық уақыт өткен екен. Пайғамбарымыздың оншақты серіктерінің сенімімен басталған мұсылманшылық бұл күнде миллиардтан астам адамның жүрегіне ұялап, пәрменді әлеуметтік күшке айналым отыр.
Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан. Ұлтымызды сақтап, тегімізді бүтіндеу үшін, тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін жас ұрқақты ұлттық сауаттылыққа имандылыққа тәрбиелеуіміз керек. Имандылық тәрбиесінің мақсаты адамзатты ақиқатқа жетектеу болып табылады. Яғни, мемлекетіміздің, қоғамымыздың болашағына жауап беретін адал, мәдениетті, білімді азамат тәрбиелеу. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік іздерінің қайнар көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы.
Қазақ халқының ата бабасынан келе жатқан байырғы діні – Ислам діні. Ислам ұлттық дін емес, ол әлемдік дін болып саналады.
Ислам дінінің бүкіл адамзат баласының мәдени өміріне қосқан үлесінің зор екенін мұсылман әлемі ғана емес, әрбір сауатты, көкірегі ояу азамат біледі.
Ислам діні – адамды рухани жағынан, әдеп, ибалысын, қанағат, мейірім шапағат, жанашырлық, бауырмалдық адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі болды. Ислам тәрбиесі барлық уақытта адам баласына иманды үйретіп, иманға шақырып келді. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал Иман дегеніміз – Аллаға, Алланың істеріне күмәнсіз сену дегенді білдіреді.
Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің ,яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарын айқын сеніммен қарай, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі көңішл адамды – «иманды» адам дейміз. Иманды адам шығады. Бұл категориялар әрқашан адамның, қимылымен тәртібімен, іс-әректімен тікелей байланыста.
Сыпыра жырау «Бір дегенде не жаман» деп басталатын толғауында қоғамдық тұрмыстағы тәлім тәрбие ісінің өзегі болған үлкен екі мәселеге назар аударады: Ұлды ақылды, білімді етіп өсіру, Қызды әдепті, ибалыққа тәрбиелеу.
Бір дегенде не жаман!
Білімсіз өскен ұя жаман.
Екіншіден не жаман!
Елеусіз өскен қыз жаман.
Жастарды әдептілікке, сыйласымдықөа бейімдеуді үлкен мәселе етіп қояды. Жасы үлкендердің алдында әдептілік сақтап оларға құрмет көрсетуді талап етеді.