Жоспар: Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі21,56 Kb.
#109549
  1   2   3
Байланысты:
03.04. 2021 ж. Этнопедагогика


03.04. 2021 ж.

ТАҚЫРЫП: Халық педагогикасындағы адамгершілік имандылық тәрбиесі

Жоспар:

1. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі



2. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
1. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметгік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әлеуметтік, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.

Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық қалыптар жиынтығы құрайды.

Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.

Адамгершшікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызметті халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып табылады.

Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.

Адамгершілік қасиетінің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық, адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай салыстыра суреттелген. Елге қайырымды, бойындағы бар қасиетін халықка жақсылық жасауға бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды “Ел қамын жеген ер” деп дәріптеген “Жақсының жаттығы жоқ”, “Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей”, “Жақсы туса елдің ырысы”, “Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңдші” деген мақал-мәтелдер жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді.

Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның құрбы құрдастың, тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Оған “жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа”, “жақсының жақсы болмағы-жолдасынан”, “Жаман дос жолдасын жауға қалдырады” деген халық мақалдары дәлел.

Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірізде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балалар бақшасында, мектепте қоғамдық орындарда үлкенді сыйлай білу дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.

Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам, адамгершіліктен шыққан болып есептелінеді. Ертеде адамгерпшіік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі адамдар, билер жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет