Операция алдындағы кезең диагноз қойылғаннан кейін,операция жасау керектігі анықталғаннан соң және оны орындау қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде басталады.Ол диагностикалық және дайындық кезеңдеріне бөлінеді Диагностикалық кезеңнің екінші міндеті –дененің негізгі ағзалары мен жүйелрінің жалпы жағдайын анықтацу болып табылады. Ол науқастан шағымын анықтау, сұрап білу арқылы, оны физикалық тексеруден өткізу барысында анықталады
Операция жасаудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері
Абсолютті немесе өмірлік көрсеткіштер-бұл науқастың қауіп төндіретін аурулар және олар тек хирургиялық жолмен жойылады.Оларға қансырау,асфикция, құрсақ қуысы ағзаларыеың жедел аурулары, іріңді аурулар жатады.
Ең алдымен,хирург науқасқа операцмя жасау керек екендігін, оның түрін айтып түсіндіреді. Әңгімелесу барысында дәрігер науқасқа операцияның маңызын сендіре білу керек. Барлық операциялар науқастың келісімімен жасалады.
Егер науқас өзіне-өзі жауап бере алмайтын болса немесе ес-түссіз жағдайда жатса, операцияны науқастың келісімінсіз жасауға болады.
Операцияға дайындау барысында науқастың қосымша ауруларын да емдейді.
Эндогенді инфекцияның алдын алудың маңызы өте зор-ол үшін эндогенді инфекцияның көзін анықтап,операция алдындағы кезеңде емдеп, тазарту керек