II. Ғылыми әдебиеттерге шолу
1.1 Анықтамасы
Туберкулез ауруы
Туберкулез (лат. Tuberculosis, грек. P h th isis) - созылмалы түрде өтетін, әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (тубер- кулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Т а р и х и д еректер. Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытай- да белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ (б.ә.д. 4 ғ), Гален т\б. қалдырды. Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жүқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11 ғ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтижесі 1882 ж. неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады. Сонымен бірге, Р. Кох 1890 ж. туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік, кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынады. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі - 1921 ж. Ф ранцияда(Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрін ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы - туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы қапсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |