Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу


Лабораториялық зерттеуге материал алу



бет14/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

Лабораториялық зерттеуге материал алу. Туберкулинге оң аллергиялық реакция берiлiп сойылған малдардан алынған патологиялық материалдармен қатар, тiрi малдан да (егер туберкулезге тән клиникалық белгiлер байқалса) материал алынып, лабораториялық зерттеуге жiберiледi.

Соңғысынан алынатын сүт, қақырық , несеп, нәжiс, қан сарысуы лабораториялық әдiстермен зерттелгенде туберкулезге оң нәтиже берiлмесе онда материал белгiлi бiр уақыттардан кейін қайталанып алынып зерттелуi қажет. Материалдарды алу тәртiбi әртүрлi. Зерттеу материалдарын алу реттiлiктерi төмендегідей. Сүт, сауған кезде сиырдың әр емшегiнен алынады. Алдымен желiндi жылы сумен сабындап жуып, таза сүлгiмен құрғатып, желін үрпiсін 70%-ды спиртпен сүртедi. Қолды да осы жолмен тазарту керек. Желіннің әр үрпісінен сауынның басында және аяғында 20-25см сүт алынады. қақырық мал жөтелген кезде стерильденген дәкеге алынады. Қажет болса жануарды еріксiз жөтелтедi. Сораны танау iшiнен қасықпен қырып алуға болады. Материал бұл жолдармен алынбаса, онда кеңiрдектен арнайы танау мен кеңiрдектен сора алуға арналған зонд арқылы, ал аса бiр қажет жағдайда кеңiрдектi жарып (трахеотомия) алады.

Несеп – мал ерiктi түрде зәр щығарғанда немесе стерильденген катетр арқылы қуықтан 150-200см мөлшерiнде алынады. Н ә ж i с – тiк iшектен 30-50г мөлшерiнде алынып, стерильденген шыны сауытқа салынып, аузы тығындалады. Қан алу және оның сарысуын лабораториялық зерттеуге жiберу тәртiбi бруцеллез ауруында көрсетiлгендей.

Туберкулезге қарсы жүргiзiлетiн жалпы шараларға: малды дұрыс азықтандыру, оларды жынысы мен жасына қарай бөлiп ұстау, аналық мал табынын тек қана шаруашылықтағы төлмен немесе асыл тұқымды мамандандырылған мал шаруашылықтарынан ғана алынған малмен толықтыру, фермаларда санитариялық реттiлiктi сақтау, туберкулезбен ауыратын адамдарды мал күтуге жiбермеу. Ал арнайы шараларға: аллергиялық, серологиялық балау, мал қораларын дезинфекциялау жатады. Бұл ауруға қарсы жасалатын арнайы шара – жануарларды туберкулинмен тексеру. Аллергиялық әдiстiң маңыздылығы – малдың барлығын жаппай туберкулезге тексеруге болады.

Дауалау мақсатымен жүргiзiлетiн аллергиялық тексеруге шаруашылық есебiндегi және жеке меншiктегi мал толығымен қамтылуы қажет. Жеке меншiктегi мал мен құстың дер уақытта туберкулезге тексерiлуi үшiн жүргiзiлетiн ұйымдастыру жұмысына шаруашылық орналасқан ауылдық әкiмшiлiк көмек көрсетуi тиiс. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатымен жүргiзiлетiн дауалау шараларының жылдық жоспарын жасағанда арнайы түсiнiктемелерге, нұсқауларға және аурудың ауданадағы iндет ахуалына сәйкес малды туберкулезге тексеру мерзiмдерi көрсетiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет