Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: 1 Қазақстанның үшінші жаңғыруы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,64 Kb.
#83290
1   2   3   4
Байланысты:
Документ

Қазақстанның үшінші жаңғыруы


Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді.
«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет