Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты халықымыздың жағдайы үшін стратегиялық мәні зор. Бағдарламалық еңбегінде бір қатар маңызды міндеттерге, қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге басты назар аударылғаны мәлім. Мұнда елбасымыздың басты мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүру, яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырта отыру қажет екендігін ерекше ескертті. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымыз әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылсақ, көш басындағы елдерден тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін елімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Болашақта ұлттық табыста болуы, оның табиғи байлыңтарында емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақ арқылы тұтас ұлт жиырмасыншы ғасырға лайықты қасиеттерге ие болды. Мысалы: компьютермен сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты фактілер әркімнің алға басталуына сөзсіз қасиет. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтар жиырма бірінші ғасырдың талаптарына даярлау қамы деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев. Ол ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологиясының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше. Қазіргі замандағы қоғамдардың рухани өмірлерінде философия ғылыммен, дінмен, өнермен, бірге дағдарысты жағдайларды жеңу жолдарын іздестіруде, адамға рухани тірек болуға ұмтылуда.
Әйгілі кеңес философы Е.В. Ильенков шынайы адам өмірінің әлеуметтік мәні бар (яғни басқаларға мағынасы бар) ісі шоғырланған, басқаларға көңіл бөлетін, инертті қақтығыстарды үзіп, басқа адамдар үйреніп алды, бұл шертулердің ескіргендігіне қарамастан, адамдар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа, біртіндеп жетілетін формаларына тап болды . Қазақстандағы саяси модернизация процесін зерделей отырып, біз жеке адамның өмірі мен оның «жеке» мүдделері мен қоғамдық өмірінің арасында қатаң сызық салу мүмкін емес деген пікірге негізделеміз. Менің түсінігім бойынша адамның қоғамдағы өмірі және оның белгілі бір мемлекеттің азаматы ретіндегі орны әр жауапты жеке сана үшін қажетті ойлау объектісі болып табылады. Аристотель атап өткендей, мемлекет «өмір сүру үшін ғана емес, жақсы өмір үшін». Тиісінше, кез-келген саяси жүйенің бүкіл қоғам үшін маңызды мәселелерді шешудің тәсілі ретіндегі негізгі элементі - индивидтің адамгершілік қағидаларын жетілдіру мен әлеуметтік өмір сүру тәртібін, әлеуметтік нормалар мен онда жұмыс істейтін институттарды жақсарту арасындағы тікелей байланыс.