Қанның биохимиялық талдауы (сары ауру және гепатомегалия кезінде)Билирубин мен АЛАТ қанда шоғырлануын анықтау: бірқалыпты гиперферментемия, гипербилирубинемия;
Бадамшалардың шырышын және жұтқыншақтың артқы бөлігін аэробты және анаэробты микроағзаларға бактериологиялық зерттеу: Жіті тонзилиттің бактериологиялық этиологиясын идентификациялау үшін.
Жұқпалы мононуклеозды улы жұтқыншақ дифтериясымен салыстырамыз. Улы жұтқыншақ дифтериясында баспаның үстінде айналасында пленкалы қабық пайда болады. Тамағы ауырмайды. Мойын шелі ісінеді. Сондай-ақ баспадан, күл ауруының әр түрлерінен, цитомегаловирусты инфекциядан, АИВ-инфекциясының алғашқы клиникалық сатыларынан, баспалы түрлерінен, вирусты гепатиттерден, қызылшадан, қан ауруларынан салыстыру жүргізу керек. Атипті мононуклеарлар 1-ші күні білінеді. 3-ші аптаның соңында олардың мөлшері азая бастайды, лимфоцитоз бірнеше ай сақталады.
Емі
Емі
Дәрі-дәрімексіз емдеу: Режим: Жартылай төсек тарту (қалтыраудың барлық кезеңінде); Науқастың гигиенасын сақтау: ауыз қуысының, көздің шырышты қабықтарын күту, мұрынды шаю;
Дәрі-дәрімекпен емдеу: 38,5оС жоғары гипертермиялық синдромды жою үшін қабылдау арасы 4 сағаттан кем емесе аралықта ауыз немесе per rectum арқылы 10-15 мг/кг парацетомол беріледі, үш күннен көп емес, немесе 5-10 мг/кг дозасында ибупрофен, ауыз арқылы тәулігіне 3 реттен көп емес;
Стафилококкты немесе стрептококкты этиологиялық іріңді тонзиллит кезінде (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes ) – бірінші күні тәулігіне бір рет ішке 10 мг/кг азитромицин, содан соң тәулігіне бір рет 5 мг/кг 4 күн қатарынан немесе 7 күн бойы тәулігіне екі рет 7,5 мг/кг кларитромицин.
NB! Инфекциялық мононуклеоз кезінде келесі антибиотиктер қарсы көрсетілген: ампициллин – жиі бөртпенің пайда болуымен және дәрілік аурудың туындауына байланысты; хлорамфеникол, сондай-ақ сульфаниламидті препараттар – қанжасаушылықты басумен байланысты.