Жоспар І. Кіріспе


♦ 3тарау. Өндірістің экономикалық тиімділігі



бет17/23
Дата21.01.2022
өлшемі254,5 Kb.
#113191
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

99 ♦ 3тарау. Өндірістің экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның қол жеткізген тиімділік деңгейін, соны­мен бірге өндіріс нәтижелерінің өсу қарқындарын оған кеткен шығындардың өсу қарқындарымен салыстыруын, қарқынды факторларының есебінен нақты және өткен уақыттағы еңбектің тұтас шығындарының жалпы үнемделуін, осындай үнемдеудің есебінен өнімнің және пайданың өсімін анықтауға мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің қорытынды көрсеткіштер тобын негіздеп алу керек.

Әр түрлі нұсқалардың экономикалықтиімділігі мен жалпы тиімділік туралы ең дұрыс түсінікті өнімнің белгілі түрінің шығаруына кеткен еңбек шығындары, яғни құн бере алады.

Өндірістің экономикалықтиімділігін анықтау үшін әр түрлі қүндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынтығы шығындар шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді.

Өндірістік үдеріске қатысудың сипаты мен өтеу көздері бойынша барлық шығындар ағымдағы және бір мезгілді бо­лып бөлінеді.

Ағымдағы шығындар өз қозғалысын әрбір өндірістік циклден бастап, сол циклде аяқтайды, тұрақты түрде қайта жаңарып тұрады және өндіріс шығындарын кұрайды (өзіндік құн). Олар шикізатқа, материалдарға, отынға, электр энергиясына, жүмыскерлердің еңбекакысына, негізгі қорлардыңамортизациясына кеткен шығындарды қамтиды және тұтынылған ресурстар түрінен тұрады.

Ағымдағы шығындармен салыстырғанда бір мезгілді шығындар әрқашан негізгі және айналмалы қорларды толықтыру үшін сатып алынатын және күрделі салымдар түрінде алдын ала колданылған ресурстар түрінде болады. Бір мезгілді шығындар негізгі корларды іске қосудан көп бүрын жұмсалады, ұзақ уақыт мерзімге каржылық айналымынан алынып тасталынады жәнеосы уақыт кезінде нақты нәтиже бермейді. Оларға кіретіндер: пайдаланылып жатқан еңбек құралдары түріндегі негізгі өндірістік қорлар, кәсіпорын қоймаларындағы өндірістік қорлар түріндегі айналмалы қорлар, материалдық резервтер және кұрылыста келешекте керек болатын материалдар жатады. Демек, өндіріс тиімділігінің өсуіне ағымдағы шығындарды (тұтынылып жаткан ресурстарды) үнемдеу есебінен басқа қызмет істеп жатқан капиталды және капиталға (қолданылған ресурстар) жұмсалған жаңа салымдарды неғүрлым жақсы пайдалану аркылы қолда жеткізуге болады.

Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму болашағын камтамасыз ететін нарықтық іс әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің осу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалықтиімділігінің өлшемі бо­лып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы анықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділігі арқылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандыктан, бүл уақытта оны дэлірек анықтауға мүмкіндік туады. Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің қателіктерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты еңбектік көрсеткіштермен өлшеген дұрыс.

Материалдық өндірістің нақты салаларында еңбек өнімділігі тауарлық өнімнің көлемі бойынша есептелінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстырмалы болуын қамтамасыз ету ка­жет. Бұл жағдайда ұлттық табысты салыстырмалы бағалар мен өлшеген дұрыс.

Қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы кезендерінде жұмсалған еңбек шығыны және шикізатта, материалдарда, отында, энергияда, еңбек кұралдарында затқа айналған еңбектің экономикалық тиімділігінің қоры тынды өлшемі болып табылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы аныкталады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет