Жоспар І. Кіріспе



бет19/23
Дата21.01.2022
өлшемі254,5 Kb.
#113191
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

КС = K/AQ,

мұнда: КС өнімнің капитал сыйымдылығы;

К күрделі салымдардың жалпы көлемі;

AQ шығарылған өнім көлемінің өсімі.

Капитал сыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:



ҚС = НҚ/Q,

мұнда: ҚС өнімнің қор сыйымдылығы;

НҚ халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құны;

Q өндірілген өнімнің (әдетте жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

Қор сыйымдылығын, капитал сыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Халық шаруашылығында, оның жеке салаларында, атап айтқанда өнеркәсіпте, қор сыйымдылығы көрсеткішіне кері болып табылатын қор қайтарымының көрсеткішін кеңінен қолданады. Қор қайтарымы өндірілген өнім көлемінің негізгі өндірістік қорлардың орташа құнына қатынасы ретінде анықталады.

Өндіріс тиімділігін көрсеткіштердің бірқатар жүйесі си­паттайды. Көрсеткіштер жалпы және жеке болуы мүмкін, мысалы құралжабдық жұмысының ауысымдылығының, өндірістік алаңдарды пайдаланудың коэффициенттері, негізгі кұралжабдық өнімділігінің көрсеткіштері және т.б. сияқты.

Бірақ, бұл көрсеткіштердің барлығы, олардың пайдалы болуына қарамастан, өндіріс тиімділігін жанжақты бағалауға, бұл мәселе бойынша әр түрлі өндірістер мен салаларды салыстыруға, барлық нәтижесін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, аталған көрсеткіштер өндірістің тек жеке жақтарын, өндіріс элементтері мен ресурстарын сипаттайды, ал өнім өндірісінің үдерісінде болса олардың бүкіл жиынтығы қатысады.

Нұсқалардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтауға көмектесетін көрсеткіштер жоғары деңгейде экономикалық тиімділік өлшемін еңбек өнімділігінің өсуін, яғни берілген өнім түрінің өндірісіне кеткен енбек шығындарының барынша көп азаюын көрсетуі қажет. Осы талапқа аталған көрсеткіштердің ешқайсысы да жеке түрде сәйкес келмейді.

Осылайша, өзіндік кұн көрсеткішінде тек кәсіпорынның өнім өндірісіне кеткен шығындар жайлы болады, ал алынған пайда ескерілмей қалады. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінде затка айналған еңбек шығындары көрсетілмейді; меншікті күрделі салымдар көрсеткішінде пайдалану кезінде болған шығындар есепке алынбайды, сондықтан да экономикалық тиімділікті жетерліктей толық сипаттай алмайды; табыстылық көрсеткіші тек өндірістің емес, тауарды бөлу және оның айналым жағдайларымен де анықталады, ал бұл жағдай нақты экономикалық тиімділікті бұрмалауға әкелуі мүмкін.

Қор сыйымдылығы мен материал сыйымдылығының көрсеткіштері ресурстардың белгілі түрінің пайдаланылуын ғана сипаттайды. Күрделі салымдардың, техника мен өндірісті ұйымдастырудың әр түрлі нұсқаларының салыстырмалы экономикалық тиімділігі, сонымен қатар шығындардың жал­пы тиімділігі көрсеткіштер (құндық және табиғи) жүйесінің көмегімен анықталуы мүмкін.

Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің негізгі көр сеткіштеріне жататындар: меншікті күрделі салымдар; өнімнің өзіндік құны; еңбек өнімділігі; қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімі (немесе тиімділік коэффициенті).

Меншікті күрделі салымдар пайдаланып жатқан өндірістік қуат бірлігіне, табиғи немесе кұндық көріністегі дайын өнім өсімінің бірлігіне есептелген күрделі салымдар шамасын сипаттайды. Келтірілген меншікті күрделі салым­дар өндіріс түрлеріне оңтайлы болып табылатын күрделі са­лымдар, өндірістік қуаттар немесе өнім шығарудың жылдық көлемдеріне байланысты анықтайтын нормативтерімен салыстырылады. Мұнда ең жаңа техника мен технологияларды, өндірісті ұйымдастырудың ең алдыңғы катарлы әдістерін, өндірістік нысандарды жобалау мен құрастыру барысындағы үнемді шешімдерді қолдану мүмкіндігі ескеріледі.

Қосымша күрделі салымдар салыстырылып жаткан нұсқалар бойынша күрделі салымдардың айырымы ретінде анықталады.

Күрделі салымдар көлемін есептеу кезінде құрылыс, құралжабдықтар, механикаландыру және автоматтандыру құралдарының кұны нысандарға сәйкес келісім бағалары бой­ынша анықталады.

Өнімнің өзіндік құны, осы өнім өндірісіне кеткен шығын дар өндірілетін өнімнің, демек өндірістің тиімділігін сипаттайтын жеткілікті толық көрсеткіші деп санауға болады. Өзіндік құн өз кұрамында өнімді дайындау үдерісінде жұмсалатын шығындардың барлығын (материалдарға, амортизацияға, еңбекакыға кететін шығындар) шоғырландырады, оны осы өнімнің тиімділігін бағалау көрсеткіші ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ол өнімнің өзіндік кұнын калыптастыратын ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігінің деңгейін көрсететін корсеткіштерді де ескереді. Өзіндік құнға байланысты пайданың көлемі белгілі болады, яғни ең ақырында оған табыстылық деңгейі де байланысты болады.

Өзіндік құнды өнім тиімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш деп санайтын болсақ оның өсуі өнімнің өзіндіқ кұнының төмендеуімен көрсетіледі. Сонымен, дәл өзіндік құнды (және оның төмендеуін) өнеркәсіптік өндіріс тиімділігінің ең толық көрсеткіші деп санаған дұрыс болар еді.

Әр түрлі нұсқалар бойынша шығарылған өнімнің өзін дік құн көрсеткіші салыстырмалы болуы маңызды. Салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін кұралжабдықтарға,шикізатқа, материалдарға және басқа да материалдық шығындарға бірдей бағалар колданылып, бірдей мамандығы бар жұмыскерлерге бірдей еңбекақы мөлшерлерін тағайындау, өндірістің өзіндік кұнында ескерілмеген басқа да шығындарын есептеу үшін бірыңгай әдістерді қолдану керек. Өзіндік кұн көрсеткішіне бұл өндіріс түрі бойынша тікелей есеппен саналған барлық жұмсалған шығындар енгізіледі.

Бірақ, өзіндік құн деңгейінің қалыптасуы (жаңа құрылыс жағдайында) немесе оның төмендеуі (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда), әдетте, бір мезгілді (күрделі) шығындарды ескеру қажеттілігінен іс күрделене түседі. Бұл шығындар амортизация арқылы өзіндік кұнында көрініс алады, бірақ ол көп жағдайда кәсіпорында немесе мемлекетте өзіндік құн арқылы емес, пайда арқылы өтеледі. Сонымен қатар халық шаруашылығына күрделі салымдар жасау мүмкіншіліктері шектеулі болғандыктан, өндіріс тиімділігін анықтау кезінде ағымдағы пайдалану шығындарын (өзіндік құнды) бір мезгіл ді күрделі шығындармен салыстыру кажет болады, ол қазіргі уакытқа дейін көбінесе бір өлшемге келтірілген шығындар көмегімен іске асырылады.

Нұсқалардың салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау барысында аталған негізгі көрсеткіштермен қатар жобалық шешімдердің толық талдауын жасауға мүмкіндік беретін қосымша табиғи көрсеткіштерде колданылады. Мұндай көрсеткіштер ретінде өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, отын, электр энергия шығындарының мөлшерлері, өнім сапасының жақсаруы, өндіріс қуатының бір шаршыметрден алынған өнімі, құрылыс салу коэффициенті және басқалары болуы мүмкін.

Өнеркәсіптің әрбір саласы және өндіріс түрі үшін оған тән болатын табиғи көрсеткіштер таңдап алынуы мүмкін. Осылайша, өнеркәсіптің еңбек сыйымдылығы саласын алсақ мысалы көмір өнеркәсібі үшін, бір жұмыскерге шақкандағы өнім шығару көрсеткішін қолдану маңызды болып табылады; өндірістің отын сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы салалары үшін пайдалы әрекеттің жылулық және энергетикалық коэффициенттері көрсеткіштерінің, отын мен энергияның меншікті шығындарының мәндері аса маңызды болып табылады; қор сыйымдылығы саласы үшін агрегаттардың бекітілген қуатын пайдалану көрсеткішін; материал сыйымдылығы сала­сы үшін шикізат пен материалдардың меншікті шығындары. Өнімнің сапасы, ассортимент пен номенклатураның пайдаланылуын жақсарту, өндірістік циклдің ұзақтығы, өндірістік алаңдар мен құралжабдықтарды үлестік пайдалану сияқты көрсеткіштер өндірістің барлық салалары үшін маңызды.

Табиғи көрсеткіштердің үлкен маңыздылығына карамастан оларды салыстырмалы нұсқалардың тиімділігін бағалау кезінде қосымша көрсеткіш ретінде қарастырған дұрыс. Оларды талдаудың көмекші мағынасы бар, өйткені олар негізгі экономикалық көрсеткіштердің, атап айтқанда, өнімнің өзіндік құны мен меншікті күрделі салымдардың дұрыстығын тексеру құралы ретінде қызмет етеді.

Жеке жағдайларда орналасу аймагымен, өндірістік қуаты мен, ондірістің техникасымен және технологиясымен, мамандандыру деңгейімен және т.б. ерекшеленетін кәсіпорындардың жобалық нұсқаларын басқаларымен салыстырғанда нұсқалардың бірі екіншісіне Карағанда жақсырақ корсеткіштерімен ерекшеленетінін көрсетеді, дәл айтканда, ол неғұрлым меншікті күрделі салымдары аз, өзіндік құны неғұрлым төмен нұсқаларды табуға көмектеседі. Осындай жағдайда осы нұсқаның артықшылықтары айкын көрінеді. Мұнда тек жақсы нұсқаның корсеткіштерін берілген өндіріс саласының отандық және шетелдік кәсіпорындарында қол жеткізген ең жоғарғы көрсеткшітерімен салыстыру кажет болады.

Бірак, әдетте, осы немесе басқа нұсқада өзіндік кұн неғұрлым төмен болған сайын меншікті күрделі салымдарда солғұрлым жоғары болып келеді. Мұндай жағдайларда берілген нұсқаға қажетті қосымша күрделі салымдарды өнімнің озіндік құнының төмен болу себебінен жылсайын пайда бо­латын шығындардың үнемділігімен салыстырады. Осындай салыстырулар қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімін (немесе тиімділік коэффициентін) анықтау арқылы іске асы­рылады.

Қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімі салыстырылатын нұсқалар бойынша күрделі салымдар шамаларының айырмасы осы нұсқалар бойынша шығаратын өнімдердің өзіндік құндарының айырмасымен қарымқатынасын білдіреді. Бұл көрсеткіш қосымша күрделі салымдардың өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен болған үнемдеудің есебінен өтелетін мерзімін көрсетеді.

Қосымша күрделі салымдардың тиімділік коэффици­ента салыстырылатын нұсқалар бойынша өнімнің өзіндік кұны шамалары бойынша айырмасының күрделі салымдар шамаларының айырмасына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш күрделі салымдардың әрбір теңгесінен алынатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен болатын үнемдеу түріндегі нәтижені сипаттайды.

Өтелу мерзімі ӨМ және тиімділік коэффициенті Е келесі формулалар бойынша есептеледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет