Жоспар І. Кіріспе



бет18/23
Дата21.01.2022
өлшемі254,5 Kb.
#113191
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

ЕС = Е / Q,

мұнда: ЕС өнімнің еңбек сыйымдылығы;

Е материалдык өндіріс саласында шығындалған еңбек тің шамасы;

Q өндірілген өнімнің жалпы көлемі (эдетте жалпы өн імнің).

Еңбектің аз шығынымен қажеттіліктерді қанағаттандырылуына себеп болатын шығындарды тиімді деп санаган дұрыс. Ол тұтыну мен жинактау қорларының оңтайлы қатынасындағы өндіріске кеткен шығындарға немесе өндірісте қолданылған ресурстарға қатысты нәтиженің мүмкін болатын жоғары өсімін алуда өзінің санмен көрсетілген көрінісімен белгілі болады.

Еңбек өнімділігінің өсуі әр түрлі өнім өндіретін салалар арасында қаржыларды экономикалық негізделген түрде бөлінуіне және бірдей тұтьшушылық қасиеті бар өнімді (бірінбірі алмастыратын өнімдер) шығаратын өндірістің бір саласының немесе әр турлі салаларының шеңберінде қаржыларды пайдаланудың ең үнемді нұсқасын таңдауға байланысты болады. Сала ішінде үнемді нұсқаны таңдау және салалар арасында қаржыларды тиімді бөлу өзара тығыз байланысты.

Еңбек өнімділігі адамдардың өндірістік ісәрекетінің нәтижелілігін білдіреді және өнім бірлігіне шаққандағы нақты және затқа айналған еңбек шығындарының шамасы мен анықталады. Осыдан еңбек өнімділігі тек тұтынылған ресурстардың (ағымдағы шығындардың) пайдаланылуын көрсетеді, ал өндіріс тиімділігінің өсуі ағымдағы және бір мезгілді шығындарды қамтитын барлық ресурстардың пайдала­нылуын сипаттайды. Сонымен катар бір мезгілді шығындар, күрделі салымдар және капиталға жұмсалған салымдар түсініктерінің өндіріс үдерісінде алынатын пайда есебінен осы ресурстардың өтелуінің жалпы ережесін орындау қажеттілігін білдіретін біркелкі экономикалық мағынасы бар.

Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылыгы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы коғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, ма­териал, отын, энергияның және басқа да еңбек құралдары шығындарының жалпы қоғамдык өнімге қатынасымен анықталады. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің материал сы­йымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасымен анықталады:

МС = М / Q,

мұнда: МС өнімнің материал сыйымдылығының деңгейі;

М өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі көлемі;

Q өндірілген өнімнің (әдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері де белгілі деңгейде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капитал сыйымдылығы көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне катынасын көрсетеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет