Шеміршек тінінің қалпына келуі шеміршектің түріне және оның орналасқан мүшесіне байланысты. Шеміршек үсті қабығы бар шеміршек хондрогенді жасушалардың көбеюі және дифференциялануы және олардың жаңадан түзеген жасушааралық затының есебінен қалпына келеді. Буын шеміршегінде қабық болмайды, сондықтан оның регенерацияға қабілеті хондроциттердің жасушааралық заттарды өндіруімен шектеледі. Сонымен қатар жоғарғы (беткейлік) табақшаның хондроциттерінің аздап бөлінуі мүмкін.
Шеміршек тінінің репаративтік қалпына келу қабілеті шеміршек қабығының болуына тікелей байланысты. Сонымен қатар перихондрийдің толық жоқ кезінде қалпына келуі шеміршекті қоршаған дәнекер тіннің есебінен жүру мүмкіндігі бар екені анықталған. Бұл синтетикалық үрдістерді қайта қалыптастыру қабілеті сақталған дәнекер тін жасушаларымен хондрогенді жасушалардың генетикалық деңгейдегі бірегейлігіне байланысты. Мысалы бұл жағдай құлақ қалқанының біраз бөлігін сылу кезінде байқалады. Дегенмен толық мәніндегі қалпына келу қабығы бар шеміршектің өзінде де тек балаларда ғана болады. Ересек адамдарда зақымданған шеміршектің орнына дәнекер тіннен тұратын тін пайда болады.

Тұрғындардың жарақаттарының структурасында сүйек сынықтары 18% құрайды. Оларды емдеудің жалпы ұзақтығы барлық жарақаттардың ішінде 40% құрайды. Сүйектердің бүтіндігін қалпына келтіру медицинада ежелгі проблеманың бірі болып табылады. Регенерацияның теориялық негіздерін бірінші болып Морган 1901 жылы құрастырды. Ол регенерацияның екі тәсілін анықтады:
Морфолаксис – дененің жарақаттанған бөлігінің қалған культядан өсу арқылы толық қалпына келуі. Регенерацияның бұл түрі амебаларда, инфузорияда және басқаларда болады. Оларда дененің бөлігінен толық организм қалпына келеді.
Эпиморфоз – жаралық беттердің бітуі арқылы болатын регенерация. Регенерацияның бұл түрі амфибияларға, рептилияларға, сүтқоректілерге және адамға тән.