Физиологиялық – адамның өмірі бойында сүйек тінінің жаңаруын қамтамасыз етеді.
Репаративтік – сүйектердің сынықтарда бітуін қамтамасыз етеді және бірнеше кезеңдерден өтеді.
Буынның көмекші мүшелері — буындағы түрлі қимыл-қозғалыстардың толық деңгейде іс жүзіне асуына көмектесетін адам мен жануарлар денесіндегі мүшелер. Бұл мүшелерге буынның ішіндегі шеміршек дискілер, шеміршек тегіршіктер (менискілер), буын ішіндегі және сыртындағы сіңірлі байламдар, буынның сыртындағы тиекше сүйектер жатады. Буын қуысындағы шеміршек дискілер мен тегіршіктер, буынды құрайтын негізгі сүйектер бастарының бір-біріне сәйкес келмейтін буын беттерін сәйкестендіріп, олардың қызметің үйлестіруге қызмет көрсетеді. Буын ішіндегі байламдар сүйек бастарының берік байланысуын қамтамасыз етеді. Сыртқы байламдар сүйектер бастарын байланыстырумен қатар, буындағы қозғалыстардың белгілі бір бағыттарда іс жүзіне асуына атсалысады. Буын байламдары буын қапшығы фиброздыжарғағының қалыңдап жуандауынан дамып жетіледі. Тиекше сүйектер буын маңындағы сүйектер мен бұлшықеттер сіңірлері аралықтарында орналасып, оларға тіректік қасиет берумен қатар, бұлшықеттердің жиырылу қызметтерінің іске асуына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии /. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.
2. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриологии для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232 с.
3. Ажаев С.А. Гистология-1 (екі бөлімді оқулық). І бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы.- Түркістан: «Тұран», 2011.-201б.
4. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология : Оқу құралы- Алматы: Кітап, 2007. - 288 с
Нұрышев Мұхит. Гистология және эмбриология негіздері: Оқулық- Алматы : Карасай, 2007. - 272 с
6 . Аяпова Ж.О., Н.М. Тусупова. Гистология-1 пәнә бойынша тесттер жиынтығы (оқу құралы).- Алматы,- 2009.-378 б.