«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – жаһандық масштабта бәсекелесуге қабілетті Каспий аймағындағы мұнайгаз бизнесінің көшбасшыларының қатарына кіретін Қазақстандағы көмірсутегін барлау және өндіру саласындағы жетекші компания.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – жаһандық масштабта бәсекелесуге қабілетті Каспий аймағындағы мұнайгаз бизнесінің көшбасшыларының қатарына кіретін Қазақстандағы көмірсутегін барлау және өндіру саласындағы жетекші компания.
Компания мақсаты акционерлер мүддесі үшін батысты мейлінше арттыру мақсатында көмерсутегін тиімді барлау, қызмет ету аймағында ұзақмерзімді экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау, сондай-ақ Компанияның әрбір қызметкерінің әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.
ҚМГ БӨ өз миссиясын орындау кезінде шұғыл өндірістік қызметінде және инвестициялық шешім қабылдауда келесі басымдықтарды басшылыққа алады:
Жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техникасының үздік әлемдік стандарттарына сәйкес табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ҚМГ БӨ қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады.
Геологиялық барлау – ҚМГ БӨ ресурстық базасын арттыру жөніндегі мақсаттарға жетуде Компанияның ұзақмерзімді өсуінің басымдықты қызметі болып табылады.
ҚМГ БӨ негізгі мақсаты компанияның акционерлік құнын арттыру болып табылады. ҚМГ БӨ мұнай қорын және көмірсутегі шикізатын өндіруді арттыру, қолданыстағы активтердің табыстылығын арттыру және бизнестің жаңа бағыттарын дамыту арқылы компания құнының өсуіне қол жеткізуге талпынады.