Жоспар: Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет7/16
Дата29.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#115783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Көтерме сауда — тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданыңқұрамдас бөлігі; тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау; тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі. Көтерме саудаға а. ш. өнімдері мен шикізатын сатып алу да жатады. Ол өндіріс құрал-жабдықтарымен және тұтыну заттарымен көтерме сауда жасау түрлеріне бөлінеді. Өнеркәсіп орындары сауда жасаудан босатылып, бүкіл өнімін көтерме сауда ұйымдарына өткізді. Халық тұтынатын тауарлармен сауда жасау Сауда мин-нің қолына шоғырландырылды. Ал, тұтыну кооперациясының өз көтерме сауда жүйесі болды. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технол. желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет