Тақырыбы: Маркетинг негіздері. Орындаған: Ешмұхан Әлфия Бекболсынқызы Жоспары



Дата12.06.2022
өлшемі18,83 Kb.
#146441
Байланысты:
Маркетинг негіздері
15.02.21, 587090292, 587090292, Та ырыбы Ж рек гликозидтері орында АН амиралиева ж. Б, лабор 2к, vki

Тақырыбы: Маркетинг негіздері.
Орындаған: Ешмұхан Әлфия Бекболсынқызы
Жоспары:
1.Маркетинг түсінігі.
2.Маркетингтің әлеуметтік негіздері: адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру.
3.Маркетингті басқару процесі.
Маркетинг түсінігі
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған,ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады.Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді.Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне,мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек,туризді мемлекеттің әлеуметтік,мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.
Маркетингіні басқару
Маркетингіні басқару — сұранымды басқару. Маркетингімен шұғылданушы сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына әсер ете білуі тиіс, өйткені орын алып отырған сұраным қалаған сұраныммен үйлеспеуі мүмкін. Маркетингіні басқарушылар — фирманың маркетингілік жағдайына талдау жасаумен, межеленген жоспарларды іске асырумен шұғылданушы және бақылау міндетін орындаушы лауазымды адамдар. Оларға өткізу қызметінің басқарушылары мен қызметкерлері, өткізімді ынталандыру жөніндегі мамандар, тауарлар жөніндегі басқарушылар, баға белгілеу мамандары жатады.
«Маркетинг» терминінің негізінде «нарық» деген сөзді білдіретін «market» сөзі жатыр. Сондықтан маркетинг термині басқару философиясы, нарық жағдайындағы басқару, нақты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған процесс ретінде түсініледі.
Кең мағынада маркетинг – бұл индивидтер мен жекелеген топтардың өнімді шығаруы мен алмасу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы әлеуметтік - басқарушылық процесс. Бұл процесстің негізінде келесі түсініктер жатыр: қажеттілік, сұраныс, өнім, айырбас, келісім, нарық. Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін бір нәрсеге деген зәрулік. Егер адам қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алмаса, онда ол оны өзгертеді немесе қажеттілік деңгейін төмендетеді. Маркетингтің басты мақсаты – қажеттілікті табу және оны қанағаттандыру.
Маркетингке байланысты айтқан отандық және шетелдік маркетологтардың көптеген пікірлерін қорыта келе бір жағынан оның сұранысқа, қажеттілікке, яғни нарық диагностикасына бейімделуін, екінші жағынан – сұранысқа сәйкес нарықты қалыптастыру үшін осы сұранысқа белсенді ықпал етуін айта кету қажет. Ол пайдаланушылардың күнделікті қажеттіліктері, қосымша қызмет көрсетуге (сервиске) ескертпелері, сондай-ақ нақты субъектінің жағдайлық және потенциалды мүмкіндіктері жайлы бір уақыттағы ақпаратты сенімді болжауға бағытталған. Маркетинг концепциясы басқару қызметіне жүйелік тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: ыңғайлы мақсаттар қояды, күнделікті тапсырмаларды жинақтайды, қажетті ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды іске асырады.
Қазіргі кітапханалардың мамандары, бірінші кезекте директор, меңгеруші және құрылымдық бөлімдерді басқарушылар – кітапханалық менежерлер маркетингтің негізгі мәнін теоретикалық білуі және кітапханалық-ақпараттық мекемені басқарудың нарықтық концепциясын практикада қолдана білуі тиіс.
Маркетингінің мәні мен мақсаты
Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг атқарымы
Маркетинг атқарымы - іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Онда кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, рыноктарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу; жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, маркетингілік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру, маркетингіні ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні басқару (қауіп-қатерді, пайданы, тиімділікті бағалай отырып, маркетинг шараларын жоспарлау, іске асыру және бақылау) қамтылады.
Маркетинг бағдарламасы
Өндіруші кәсіпорынның, сатушының және экспортшының межелі уақыт кезеңінде маркетингінің барлық салалары бойынша іс-қимылдарын айқындайтын өзара байланысты шаралар жүйесі.
Қысқа мерзімді бағдарламаларда кәсіпорынның іс-қимылдары бағдарламасы көбірек тәптіштеліп, нақтыланады.
Ұзақ мерзімді бағдарламаларда маркетинг стратегиясына сәйкес уақыттың ұзақ кезеңі қамтылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет