мұндағы, С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,Х – таза экспорт.
Табыстар бойыншаесептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
мұнда, W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.