Жоспар: Жоспар



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#90396
1   2   3   4   5
Байланысты:
25-bzhb zharatylystanu 6-syn az
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
  •  ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
  • Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
    • Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
    • ТҰӨ = ЖҰӨ - А,
    • мұнда, Аамортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бір компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
    • ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
    • мұнда, ж.с. – жанама салықтар.
    • Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
    • ЖТ = ҰТ – С+Т
    • мұнда, С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
    • Т - трансферттік төлемдер.
    • Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.
    •  
    • 3.Ұлттық есеп жүйесі
    •  
    • Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу ұлттық есеп жүргізу жүйесі (ҰЕЖ) арқылы жүргізіледі.
    • ҰЕЖ – бір жағынан бар ресурстар, екінші жағынан оны қолдану көрсетілген арнайы таблица мен баланстар.
    • Ұлттық есеп жүргізудің негізгі мақсаты - олардың пайда болуы, бөлінуі және қолдануы туралы сандық ақпарат беру. Осы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ұсынысына қатысты есептер жүйесі құрылады.
    • Есептердің қандай түрлері болатынын түсіну үшін экономикалық қызметтердің түрлерін атап шығу керек.
    • Халық шаруашылығында:
    • а) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру және сату;
    • ә) кірісті алу және оны қолдану;
    • б) мүлікті жинау немесе иелігінен шығару;
    • г) несиелерді алу немесе беру;
    • Қызметтердің осы түрлері тиісті есептерде көрінеді:
    • өндіріс есебі;
    • кірістер есебі;
    • мүліктік жағдайының есебі;
    • несие есебі;
    • қаржы есебі.
    • Халық шаруашылығындағы әрбір шаруашылық бірлікті мейлі кәсіпорын болсын, мейлі үй шаруашылығы болсын, не мемлекет болсын өздерінің келісімдерін тіркеуді есеп арқылы жүргізеді.
    • Өндірістік есепте, мысалы, белгілі бір кезеңдегі қоғамдық өндірістің шығындары мен нәтижелері есепке алынады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет