ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА: МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН ӨЛШЕУ.
Жоспар:
Жоспар:
1. .Ұлттық экономиканың құрылымы
2.Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы мінездемесі.
3.Ұлттық есеп жүйесі
1.Ұлттық экономиканың құрылымы
Ұлттық экономиканың көптеген анықтамалары бар. Мысалы, В. Леонтьев: «ұлттық экономика - бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әртүрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе» - деп санайды. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың кең тараған анықтамасы келесі тұжырымдалады: ұлттық экономика – өзара байланысқан салалар,өндіріс түрлері және территориялық кешендер жүйесі.
Ұлттық экономиканың мақсаттары берілген экономиканың даму ерекшелігі мен экономикалық жүйесінің түріне байланысты болады. Дегенмен, барлық ұлттық экономикаларға төмендегідей негізгі мақсаттар тән болады:
экономикалық өсу
жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейін ұстап тұру
бағаның баяу өсуін қамтамасыз ететін баға деңгейін тұрақтандыру
төлем балансын ұстап тұру
қоғамда әлеуметтік әділеттікке жету.
Ұлттық экономиканың құрылымы-бұл оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тұрақты сандық қатынастар.
Классификациялау критерийіне байланысты келесідей кұрылымдарды бөліп көрсетеді:
-ұдайы өндіріс құрылымы - ұлттық экономиканы біртектес экономикалық субьектілер топтарына бөлу (фирмалар, үй шаруашылықтары, мемлекет);
-әлеуметтік құрылым - бұл кұрылымның негізінде меншік қатынастары, еңбек түрлері және тағы басқалары жатады;
-салалық құрылым- ұқсас әлеуметтік-экономикалық қызметтер орындайтын біртектес шаруашылық бірліктерінің жиынтығымен сипатталады;
-территориялық құрылым - ұлттық экономиканы экономикалық аймақтарға бөлу;
-сыртқы сауда құрылымы - экспорт пен импорттағы тауарлар топтарының ара қатынасымен анықталады;
-инфрақұрылым - өндіріске қызметтер көрсететін салалар.
Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі оның орындайтын қызметтерімен анықталады. Мемлекеттің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
шаруашылық субъектілерінің арасындағы өте маңызды қатынастарды реттеуші құқықтық;
өндірістік процестердің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұдайы өндірістік-технологиялық;
монополияға қарсы іс-әрекет пен бәсекені қолдауға бағытталған бәсекені қорғау қызметі;
тұрақтандыру қызметі - үкіметтің ұлттық экономиканың негізгі мақсаттарына жетуге бағытталған іс- әрекеттері;
болжамдық - экономиканың дамуын болжамдау негізінде дамудың приоритеттік бағыттарын анықтау;
реттеуші- нарықтық экономика қызметтерінің жағымсыз салдарын мейлінше азайту.
2.Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы мінездемесі.
Ұлттық экономика жұмысының нәтижелерін қорытындылаушы ретінде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) кепілдемесі бойынша агрегаттар қолданылады. 1991 ж. бастап Халықаралық есеп жүргізушілік жүйесіне Қазақстанда да көшті.
Негізгі және қорытындылаушы болып ұлттық байлық есептеледі.
Ұлттық байлық – қоғамның бүкіл тарихы ішіндегі жинақталған тұтыну құндарының жиынтығы.
Алғашқы рет ұлттық байлықты 1664 ж. Англияда У.Петти есептеген. Бұны 100 жылдан соң А.Смит қайталаған.
Францияда ұлттық байлықты алғашқы бағалау 1789 жылы, АҚШ-та 1805 жылы, Ресейде 1864 жылы болды.
Ұлттық байлық мынаны қамтиды: мүлік (негізгі және айналым қорлары, үй мүлігі), табиғи байлық (жер, минерал және орман қорлары), заттай емес байлық (ұлт денсаулығы потенциалы, оның рухани байлығы, білім және ғылым потенциалы, интеллектуалдық меншік құраушылар).
Бір жылғы шаруашылық іс-қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші болып қоғамдық өнім есептеледі. Оны бірнеше анықтамалар арқылы көрсетуге болады: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).